Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 N 46 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 493 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-111 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 29 қаңтарда "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы төмендегі мазмұндағы 37 және 38 тармақтармен толықтырылсын:
"37. "Жайық Пресс" ЖШС;
38. "Қазақавтожол" РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев