Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаттың 2011.06.28 N 39-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теректі ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек белгіленсін:
1) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерді отбасыларына, отбасының табысына қарамастан ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Бір жолғы әлеуметтік көмек "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссиясының шешімі негізінде келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін:
1) аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемінде әлеуметтік көмек көрсетуге;
2) аз қамтылған отбасыларға, жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде емделу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге;
3) қайтыс болған азаматтарды жерлеу үшін оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетуге;
4) "Алтын алқа" белгісімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға санаториялық-курорттық емделу үшін жылына бір рет 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетуге;
5) туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға қосымша тамаққа, туберкулезбен күресу мекемелерге дәрігерге қаралуға бару үшін және амбулаторлық емделу үшін жылына бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету ұсынылсын;
6) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға), сондай-ақ жан басына шаққанда орташа табыстары 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетуге.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тереткі аудандық мәслихаттың 2010.08.03 N 31-3 Шешімімен.3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. И. Серікқалиева |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. О. Төлегенов |