Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаттың 2011.06.28 N 39-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28-3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-12-89 тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская Новь" газетінде N 21 жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
"6) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға), сондай-ақ жан басына шаққанда орташа табыстары 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетуге.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. С. Майранов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. О. Төлегенов |