Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" N 25-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 28-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 7-13-127 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 24.12.2010 № 34-12 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67 баптарына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-120 тіркелген, 2010 жылғы 23 қаңтарында аудандық "Серпін" газетінде жарияланған N 3) N 25-5 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      3 тармағында:
      Жерлеуге төленетін әлеуметтік көмек азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшелерінде белгіленсін.
      Қайтыс болған адамның қайтыс болған күнінен бастап 1 жыл аралығында арыздануы керек.
      4 тармағында:
      Жеңіс күніне бейбітшілік уақытында қайтыс болған Ұлы Отан Соғысына қатысқандардың жұбайларына 5 000 теңге, тыл енбеккерлеріне 3 000 теңге көлемінде белгіленсін.
      Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  А. Т. Шотпанов
      Аудандық мәслихат хатшысы        М. Ж. Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады