Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.01.2013 № 6 бұйрығымен.
«Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 24-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 «Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1813 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 19, 608-құжат) мынадай өзгеріс:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әдiлет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тексеру жоспарларын әділет органының бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға), тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес бекітеді.».
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков