Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 03 ақпандағы № 11-2/52 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 04 ақпандағы № 27 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6791 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/512 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2013 № 5-3/512 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 31.10.2013 № 288/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген соң ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Қазақстан Республикасы                  Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрi               Экономикалық даму және
      ____________ А. Күрiшбаев               сауда министрi
                                              __________ Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы    
министрінің      
2011 жылғы 03 ақпандағы 
№ 11-2/52 және     
Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және 
сауда министрінің   
2011 жылғы 04 ақпандағы
№ 27 Бірлескен бұйрығымен
бекітілген       

Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу мақсатында «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 13) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – биоотын өндірісін жүзеге асыру кезінде оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адам және жануарлар денсаулығына, қоршаған ортаға статистикалы растық шекараларда зиян келтiру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері – биоотын өндірісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
      3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу объективті критерийлер – бастапқы бөлу кезінде және субъективті критерийлер негізінде – келесі бөлу кезінде жүзеге асырылады.
      4. Биоотын өндірісін жүзеге асыратын бақылау субъектілері бастапқы бөлу кезінде жоғарғы тәуекел дәрежесі тобына жатады.
      5. Бақылау субъектілерін кейінгі бөлуі мына баллдарды бере отырып, бар кемшіліктер есебімен жүзеге асырылады:
      елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квоталардың нормаларын арттыру – 10 балл;
      биоотын өндірісі кезінде 1 және 2 сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану - 10 балл;
      биоотын өндірісі бойынша бір зауытта екі немесе одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндірісін жүзеге асыруы – 10 балл;
      өндіріс паспортының болмауы - 10 балл;
      биоотын өндірісі көлемін есептеудің бақылау аспаптарының болмауы немесе ақаулығы – 10 балл;
      генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрледірілген көздер (объектілер) бар шикізатты олардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растаусыз және оларды мемлекеттік тіркеуден өткізбей қайта өңдеуге қабылдау – 10 балл.
      6. Өткізілген тексерістер қорытындылары бойынша жиналған баллдарға байланысты бақылау субъектілері тәуекелдер дәрежелері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
      50-тан 60 баллға дейін – жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатады;
      30-дан 40 баллға дейін – орташа тәуекел дәрежесіне жатады;
      10-нан 20 баллға дейін - аз ғана тәуекел дәрежесіне жатады.
      Факторлар тең болғандықтан, баллдарды есептеу үшін ашық 10 – балдық шкала қолданылады.
      7. Тәуекелдің бір деңгейіндегі бақылау субъектілеріне тексеру жүргізуді жоспарлаудың басымдылығын анықтау үшін мыналар негіз болып табылады:
      өндірістік қуаты ең көп көлемді субъектілер;
      алдыңғы тексеріс процесінде бұзушылықтар айқындалған субъектілер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады