Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 50 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 93 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6088 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 96 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 53 Бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.03.10 № 96 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.03.14 № 53 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (Н.Е. Әбдірахым):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік         Әділет министрі
      жоспарлау министрі               __________ Р. Түсіпбеков
      _____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 24 ақпандағы
№ 93 және      
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің     
2010 жылғы 18 ақпандағы
№ 50 Бірлескен бұйрығына
1-қосымша      

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге (бұдан әрі – субъектілер) жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.
      2. Осы Критерийлерде келесі ұғым пайдаланылады:
      тәуекел – субъектілердің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, тиесілі сыйақыларды төлемеу арқылы авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және өзге құқық иеленушілердің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.
      3. Субъектілер қызметінің тәуекелдерін бағалау, субъектінің салдардың ауырлығы тұрғысынан маңызы, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша бірінші жатқызу субъектінің салдардың ауырлығы тұрғысынан маңызы ескеріле отырып, субъектілер қызметінің сандық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады;
      2) субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша екінші жатқызу зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, субъектілер қызметінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Маңыздылығы бойынша субъектілерді бөлу:
      1) жоғарғы тәуекел дәрежесімен маңыздылығы жоғары дәрежелі субъектілерге эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары мен спутникті теледидар операторлары жатады;
      2) орташа тәуекел дәрежесімен маңыздылығы орташа дәрежелі субъектілерге:
      театрлар, филармониялар, кинотеатрлар, концерттік залдар;
      мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар жатады;
      3) төмен тәуекел дәрежесімен маңыздылығы төмен дәрежелі субъектілерге мерзімдік баспасөз басылымдар, баспалар жатады.
      5. Бірінші жоспарлы тексерістер кезектілігі:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде:
      құқық иеленушімен не мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен шарттардың болмауы;
      ең көп абонентер саны немесе қамту аумағы;
      2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде:
      театрлар, филармониялар, кинотеатрлар, концерттік залдар және өзге субъектілер үшін:
      құқық иеленушімен не мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен шарттардың болмауы;
      ең көп отырғызу орындар саны;
      мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар үшін:
      ең аз мүліктік құқықтарды басқару туралы жасасқан шарттар саны;
      3) төмен тәуекел дәрежесі кезінде:
      ең көп таралым саны;
      ең көп тарату аумағы ескеріле отырып, бекітіледі.
      6. Субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша екінші жатқызу кезінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық критерийлеріне байланысты субъектілер қайта бөлінеді.
      7. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық критерийлерін қолдану мақсатында, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері, сондай-ақ мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға жасасқан лицензиялық шарттар туралы мәліметтері пайдаланылады.
      8. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық критерийлеріне байланысты субъектілер жоғарғы, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіне өтеді.
      Тәуекел дәрежесінде орын ауыстыру үшін сапалық критерийлер балдармен бағаланады:
      1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін құқық иеленушімен шарт жасаспай пайдалану – 3 балл;
      2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындау, тарату, прокатқа беру, уақытша пайдалануға беруге, импорттау, жарнамалау, оларды пайда табу мақсатында пайдалану не қызмет көрсету – 2 балл;
      3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру – 1 балл;
      4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жою немесе өзгерту – 1 балл;
      5) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығару, тарату, тарату мақсатында импорттау, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, жалпы жұрттың назарына жеткізу – 1 балл.
      9. 2 балдан астам жинаған субъектілер жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатады.
      2 балды жинаған субъектілер орташа тәуекел дәрежесіне жатады.
      1 балды жинаған субъектілер төмен тәуекел дәрежесіне жатады.

Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 24 ақпандағы
№ 93 және      
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің     
2010 жылғы 18 ақпандағы
№ 50 Бірлескен бұйрығына
2-қосымша      

      Нысан

Тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған әділет органы _______________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ____________________________________
                                           (№, күні)
Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А. немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектінің атауы _____________________________________    

Заңнаманың талаптары

Иә

Жоқ

Қажет емес

Ескерту

1

Құқық иеленушілермен шарттардың болуы





2

Сатып алу-сату шартының, жүкқұжаттың, түбіртектердің, авторларға және өзге де құқық иеленушілерге сыйақыны төлеуді растайтын құжаттардың болуы





3

Құқықтар берілген зияткерлік меншік объектілерінің атаулы тізбеге сәйкестігі (шарттың талаптарына байланысты шарттың қосымшалары немесе тауар жүкқұжаттары)





4

Зияткерлік меншік объектілерінің (даналарының) құқық иеленушінің талаптарына (шарт талаптарына байланысты) сәйкестігі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады