Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.02.26 № 93 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде жолаушылар поездары қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту ережесi (1-қосымша);
2) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен ВУ-5 нысанды үлгiдегi оларға теңестiрiлген вагондардың техникалық паспорты (2-қосымша);
3) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы Акт нысаны (3-қосымша);
4) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөнiндегi мүмкiншiлiктi анықтау үшiн жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiн тексерудi өткiзу әдiстемесi (4-қосымша);
5) Жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiнiң картасы (5-қосымша) бекiтiлсiн.
2. Темiр жол көлiгi департаментi (Н.Т.Байдәулетов) белгiленген тәртiпте осы бұйрықты:
1) мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiне тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне;
2) мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет
мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi
бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі
N 136-І бұйрығына 1-қосымша
Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрілген
үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту ережесi (бұдан әрi - Ереже) нақты қызмет мерзiмiнен асқан қызмет мерзiмi бар жолаушылар жылжымалы құрамы (бұдан әрi - ЖЖҚ) мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың (багаж, почта-багаж, арнайы құрамды тасымалдау үшiн вагондарды, динамометрикалық, қызметтiк, тежегiштi сынау, рельстi егеу, ақаутапқыштар, жол өлшегiш, турлық, қалпына келтiру мен өрт сөндiру поездарының, жол тексеру мен көпiр тексеру, жол зертханалары, вагон-дүкен мен арнайы вагондарды) қызмет мерзiмiн ұзарту тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ қызмет мерзiмiн ұзарта отырып жөндеудi дайындау мен жүргiзу тәртiбiн реттейдi (бұдан әрi - ЖҚКЖ) және Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен ЖЖҚ-ға ие болған жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2. Ережелерде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Акт - екi данада жасалатын, ЖЖҚ мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөнiндегi жұмыстарды өткiзу туралы құжат (3-қосымша);
2) ЖЖҚ күрделi жөндеуi:
- КЖ-1 - тозған және бүлiнген буындар мен бөлшектердi айырбастау немесе жөндеу, сондай-ақ оларды жаңғырту жолымен ЖЖҚ түзулiгi мен ресурсын қалпына келтiру бойынша ЖЖҚ жоспарлық жөндеуi;
- КЖ-2 - жылуды оқшаулау мен электр сымдарды ауыстырумен шанақты iшiнара металға дейiн ашумен, сондай-ақ базалық жүйелердi, негiзгi буындардың құрылымы мен жаңғыртуының элементтерiн ауыстырумен (қажет болған жағдайда) ЖЖҚ түзулiгi мен ресурсын қалпына келтiру бойынша ЖЖҚ жоспарлық жөндеуi;
3) ЖЖҚ қызметi тағайындалған мерзiмi - ЖЖҚ пайдаланудың күнтiзбелiк ұзақтығы, ол аяқталған кезде ЖЖҚ пайдалануы тоқтатылуға тиiс;
4) ең ақырғы күйi - ЖЖҚ одан әрi пайдалануға жiберiлмейтiн немесе мақсатқа сай емес кезде, немесе оның жұмысқа қабiлеттi күйiн қалпына келтiру мүмкiн емес немесе мақсатқа сай емес кездегi ЖЖҚ күйi;
5) қызмет мерзiмiн ұзарту - ЖЖҚ қызметi жаңадан тағайындалған мерзiмiн белгiлеу;
6) pecуpc - пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейiн пайдалануды жаңадан бастаудан ақырғы күйге өткенге дейiн ЖЖҚ сандық жиынтығы;
7) ЖЖҚ қызмет мерзiмi - пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейiн жаңғыртуынан бастап ең ақырғы күйден өткенге дейiн ЖЖҚ пайдаланудың күнтiзбелiк ұзақтылығы;
8) пайдалану - ЖЖҚ өмiршеңдiгiнiң сатысы, осы мерзiмде оның сапасы iске асырылады, күтiп ұсталады және қалпына келтiрiледi;
9) ЛВЧД - ЖЖҚ қызметiн ұзартуды қамтамасыз етуге жауап беретiн ЖЖҚ иесi-ұйымының құрылымдық бөлiмшесi.
3. Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың нақты қызмет мерзiмi ЖЖҚ нақты үлгiсi үшiн жасап шығарушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес белгiленедi.
4. ЖЖҚ пайдалану кезiнде және ЖЖҚ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесiне сәйкес вагон жөндеу ұйымдарымен деполық жөндеу (ДР), күрделi жөндеу (КЖ-1, КЖ-2) және күрделi-қалпына келтiре жөндеудi (КҚЖ) жүргiзу қарастырылған.
5. Техника-экономикалық есеп айырысу және ЖЖҚ қызметінің мерзімін ұзарту қажеттігі туралы негіздемені теңгерім ұстаушының өтініші негізінде ЖЖҚ қызметінің мерзімін ұзарту жөніндегі шешім қызметтің іс жүзіндегі мерзіміне байланысты ережеге сәйкес қабылданады, бұл ретте қызметтің сомалық мерзімі 5 жылға ұзартылуды есепке алумен 33 жылдан аспауы тиіс.
Қызметтік вагондар және оларға теңестірілген үлгідегі вагондар бойынша қызмет мерзімін ұзарту туралы шешім Ережеге сәйкес, іс жүзіндегі қызмет мерзіміне қарамастан қабылданады.
ЖЖҚ-на күрделі қалпына келтіру жөндеуді жұмыстарының (КҚЖ) жүргізу туралы комиссия шешімі бойынша нормативті бекітілген мерзімге қызмет мерзімін ұзарту 16 жыл мерзіміне жасалады.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 353-І бұйрығымен .
2. ЖЖҚ қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша
жұмыстарды жүргiзу тәртiбi
6. ЖЖҚ қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша жұмыстарды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органының бастығы (бұдан әрi - Комитет) мынадай құрамда ЖЖҚ қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша комиссия тағайындайды: Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органының қызметкерi, поездар қозғалысы қауiпсiздiгi жөнiндегi тексерушi, ЛВЧД басшысы, вагондарды қабылдаушы (оған тексерiлiп отырған вагон тiркелген).
7. ЖЖҚ тексеру нәтижелерiн комиссия жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондар қызметiнiң мерзiмiн ұзарту жөнiнде жұмыстар жүргiзу туралы Актiнiң (бұдан әрi - Акт) 1-тармағын толтырумен ресiмдейдi, ол бас техникалық инспектор бөлiмiне (бұдан әрi - БТИБ) немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаға жiберiледi.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 264-І бұйрығымен (бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ).
8. БТИБ жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгiн анықтау үшiн ЖЖҚ техникалық жай-күйiн тексерудi жүргiзу әдiстемесiне сәйкес Актiнiң 2-тармағын толтырады, онда ЖЖҚ қызмет мерзiмiн ұзарту үшiн қажеттi жөндеу түрiн көрсетедi және оны ЛВЧД-ге жiбередi.
9. ЖҚКЖ орындауға құқығы бар вагон жөндеу ұйымы тексерудi өткiзу кезiнде анықталған ақаулықтарды жойғаннан кейiн Актiнiң 3-тармағын толтырады.
10. БТИБ ЖҚКЖ аяқталғаннан кейiн ЖЖҚ техникалық жай-күйiн тексередi және Актiнiң 4-тармағында 5 жылдан асырмай қызмет мерзiмiн ұзарту мүмкiншiлiгi туралы қорытынды бередi.
11. Вагонның техникалық жай-күйi туралы қорытындының негiзiнде комиссия ЖЖҚ мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдайды, одан кейiн Актiнiң 4-тармағы толтырылады. Актiнiң көшiрмесi Комитетке жiберiледi.
12. Актiнiң бiр данасы оны одан әрi пайдалануға құқық беру негiзі ретiнде ЖЖҚ иесiне берiледi, екiншi данасы ЛВЧД-ге жiберiледi, Актiнiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органында сақталады.
13. Бекiтiлген Актiнiң негiзiнде вагон жөндеу ұйымы ЖЖҚ қапталдық қабырғасына мынадай арнайы трафарет басады:
ЖҚКЖ
АВЗ
күнi, айы, жылы (ЖҚКЖ аяқталғаны) - күнi, айы, жылы (ЖЖҚ жаңадан берiлген қызмет мерзiмi).
3. Жылжымалы құрамының қызмет мерзiмiн ұзартуды
анықтау кезiнде ЖЖҚ мен оларға теңестiрiлген
үлгiдегi вагондардың техникалық паспортын
толтыру тәртiбi
14. ЖЖҚ ЖҚКЖ жасалуы аяқталғаннан кейiн ЖЖҚ меншiк иесi ЖЖҚ техникалық паспортында мына жазбалар жүргiзiлуi тиiс:
1) ЖЖҚ мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша күрделi жөндеу жүргiзген вагон жөндеу ұйымының атауы;
2) жаңғырту жүргiзiлген ЖЖҚ буындардың тiзбесi;
3) ЖЖҚ қызметiнiң ұзартылған мерзiмi;
4) ЖЖҚ қызмет мерзiмiн ұзарту арқылы күрделi жөндеудi жүргiзу күнi;
5) ЖЖҚ қызмет мерзiмiн ұзарту арқылы күрделi жөндеу жүргiзгеннен кейiн ЖЖҚ иесiнiң қабылдағаны туралы белгi.
"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет
мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi
бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі
N 136-І бұйрығына 2-қосымша
Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестірілген
ВУ-5 нысаны үлгісіндегі вагондардың техникалық паспорты
N _____ вагон
қайта жазу кезінде вагонның орналасу орны туралы белгі
------------------------------------------------------------------
19 __ ж !19 __ ж!20 __ ж!20 __ ж!20 __ ж!20 __ ж!20 __ ж!20 ___ ж!
------------------------------------------------------------------
Тіркелген депоның атауы: ________ Жасалған уақыты: _________
Тіркелген орны (ЛВЧД): __________ Жасалған орны: ___________
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
Вагонның !Білік.!Ыдыс,!Раманың !Белдеулік !Автотірке.!Вагон
үлгісі !тердің! тн !ұзындығы!арқалықтың!гіштің !шанағы
мен !саны ! ! (мм) !болуы !болуы !
қолданылу! ! ! ! ! !
мақсаты ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
Жармалы бұрыштар ! Вагон! Арба !Роликтік !Тежегіш
--------------------------!базасы!үлгісі!мойынтіректердің!үлгісі
Диагональ ! Бір жағы ! (мм) ! !болуы !
бойынша ! бойынша ! ! ! !
------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
Жолаушылар үшін !Радиожабдықтың!Жылыту!Аралық !Резеңкелі!Вагондар
орындардың саны ! болуы !жүйесі!немесе ! суфле !туралы
-----------------! ! !аралық.! !қосымша
демалу!отыру үшін! ! !сыз ! !деректер
------------------------------------------------------------------
14 ! 15 ! 16 ! 17 ! 18 ! 19 ! 20
------------------------------------------------------------------
Доңғалақ жұптары туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------
Өндірістік !Өндірістік !Зауыттың,!Бірінші! Ось !Роликтік !
жұмыстардың!жұмыстардың!вагон !осьтің !үлгісі!мойынтіректің!
түрі !уақыты !депосының! N ! !диаметрі !
! !атауы ! ! ! !
---------------------------------------------------------------
21 ! 22 ! 23 ! 24 ! 25 ! 26 !
---------------------------------------------------------------
Тасымалдау доңғалақ жұптары
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
Екінші! Ось !Роликтік!Үшінші! Ось !Роликтік!Төртінші!Ось!Ролик.
осьтің!үлгісі!мойынті.!осьтің!үлгісі!мойынті.! осьтің !үл.!тік мой.
N ! !ректің ! N ! !ректің ! N !гі.!ынтірек.
! !диаметрі! ! !диаметрі! !сі !тің диа.
! ! ! ! ! ! ! !метрі
------------------------------------------------------------------
27 ! 28 ! 29 ! 30 ! 31 ! 32 ! 33 ! 34! 35
------------------------------------------------------------------
Электр жабдықтар туралы мәліметтер
------------------------------------------------------------------
Электр !Аккуму.!Жетек !Тоңазыт.!Электр !Люминес.!Ауаны !Артқы
станция.!ляторлы!үлгісі !қыш қон.!қайнат.!центтік !желдету!алып
ның не. !батаре.!(каркан.!дырғы. !қыштың !жарық. !қондыр.!салын.
месе !яның !дық !лардың !болуы !тандыру.!ғылары.!байтын,
дербес !үлгісі !немесе !болуы ! !дың !ның !артқы
электр. ! !белдік) ! ! !болуы !болуы !сигнал
мен жа. ! ! ! ! ! ! !шамда.
рықтан. ! ! ! ! ! ! !рының
дырудың ! ! ! ! ! ! !болуы
болуы ! ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------
36 ! 37 ! 38 ! 39 ! 40 ! 41 ! 42 ! 43
------------------------------------------------------------------
Ескерту: Техникалық паспортты жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестірілген үлгідегі вагондарды жасау кезінде вагон жасаушы зауыт және зауыттық жөндеу кезінде жөндеу зауыты 2-данада жасайды, оның біреуі тіркелген ЛВЧД-да, екіншісі "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-та сақталады.
Сумен жабдықтау туралы мәліметтер
------------------------------------------------------------------
Штоктың шығу!Сұр шойыннан!Ыстық сумен !Су құйылатын !Су құю
реттегішінің!жасалған !жабдықтаудың!келтекұбырды !сигнализатор.
үлгісі !тежегіштік !болуы !жылыту үлгісі!ының болуы
!қалып ! ! !
------------------------------------------------------------------
44 ! 45 ! 46 ! 47 ! 48
------------------------------------------------------------------
Бастық ____________________ (қолы)
Дайындаушы ұйымның ТББ ___________ (қолы)
Вагонның бастапқы құны ___________
Зауыттық қабылдаушы-инспектор ___________ (қолы)
M.O.
"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет
мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi
бекiту туралы" Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрiнiң
2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І
бұйрығына 3-қосымша
Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген
үлгідегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша
жұмыстар жүргiзу туралы акт
N ______
Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 264-І бұйрығымен (бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ). 1-тармақ.
Комиссия мынадай құрамда:
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органының қызметкерi ________________________________________________________________,
Қозғалыс қауiпсiздiгi жөнiндегi ревизор немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаның вагон жөндеу цехының басшысы (шебері, бригадирі) ______________________________________________________
________________________________________________________________,
Жолаушылар вагондары шаруашылығы жөнiндегi аймақтық филиалдың
директоры немесе теңгерімінде жылжымалы құрам тұрған ұйымның басшысы___________________________________________________________,
вагондарды қабылдаушы _____________________________________________
тiркелген тежегiш үлгiсi __________________________________________
__________________________________________________ арбашықтарда
(жасалған жылы) (арбашық үлгiсi)
_____________ құрылған _______ үлгiдегi N _____ вагонды тексердi,
соңғы жөндеу: күрделi КЖ-1__________, КЖ-2 ___________, деполық (ДЖ)
(күні) (күні)
__________________________________________________________________
және қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша жұмыстарды жүргiзу үшiн ұсынады.
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық
органының қызметкерi
_______________________________________
Қозғалыс қауiпсiздiгi жөнiндегi ревизор
немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды
тұлғаның вагон жөндеу цехының басшысы
(шебері, бригадирі)
_______________________________________
Жолаушылар вагондары шаруашылығы
жөнiндегi аймақтық филиалдың директоры
немесе теңгерімінде жылжымалы құрам
тұрған ұйымның басшысы _______________________________________
Вагондарды қабылдаушы
_______________________________________
20__ жылғы "___"___________ Тегi, аты, әкесiнiң аты
М.О.
___________________________ (қолы)
2-тармақ
БТИБ N ______________________ вагонның техникалық жай-күйiн тексердi.
Келесi ақаулықтар анықталды:
Вагонның буындары мен бөлiктерiнiң атауы Ақаулықтардың
атаулары
Шанақ Шатыр.......................... ...................
Бүйiр мен қаптал қабырғалары... ...................
Eден........................... ...................
Рама Белдеулiк арқалық ............. ...................
Бүйiрлiк бойлық арқалық........ ...................
Соңғы.......................... ...................
Шүберiндi...................... ...................
Көлдеңен....................... ...................
Соққы-тар. Аралық жиынтықтар.............. ...................
ыртымдық Автотiркегіш құрылғы........... ...................
жабдығы
Арбашықтар Рама........................... ...................
Серiппегiш үстiндегi бiлеу..... ...................
Серiппегіш аспа................ ...................
Тежегiш Ауа құбыры .................... ...................
жабдығы Тежегiштiк цилиндрдi бекiту.... ...................
Қосымша резервуарды бекiту..... ...................
Соңғы шүмек.................... ...................
Электр Генератордың аспасы............ ...................
жабдығы Электр сымы.................... ...................
Тексерiстiң нәтижелерi бойынша N ________ вагонға қызмет мерзiмiн
дейiн
ұзартылады ____________________________________ көлемде
(жөндеу түрi)
жұмыстарды жүргізу қажет.
БТИБ бастығы
________________________________________________________________
(темiр жол көлiгiнiң кәсiпорны)
M.O.
________________________________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты
БТИБ бас маманы
________________________________________________________________
(лауазымы)
__________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты
3-тармақ
N ________ вагонның техникалық жай-күйiн тексеру нәтижелерiнiң
негiзiнде ________________________________________
(вагон жөндеу зауытының атауы, күнi)
_______________________________________ жүргiзiлдi, онда тексеру
(жөндеу түрi)
кезiнде анықталған ақаулықтар жойылды.
Вагон жөндеу зауытының басшысы ___________________________
________________________________________________________________
(вагон жөндеу зауытының атауы)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты
N ____________ қызмет мерзiмi ________________ дейiн белгiленедi.
(күні)
М.О.
ТББ бастығы ____________________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты
Вагондарды қабылдаушы __________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты
4-тармақ
____________________________________ жөндеу жүргiзгеннен
(жөндеу түрi)
кейiн техникалық жай-күйi туралы комиссия қорытындысының негiзiнде
вагон жөндеу ұйымы __________ N вагонға жаңа тағайындалған қызмет
мерзiмiн ___________ дейiн белгiлейдi.
(күнi)
Көлiктiк бақылау комитетi
аумақтық органының қызметкерi
______________________/_______________
(қолы) Teгi, аты, әкесiнiң аты
М.О.
БТИБ бастығы
______________________/_______________
(қолы) Teгi, аты, әкесiнiң аты
Ескерту: Акт 2 данада жасалады.
"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет
мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi
бекiту туралы" Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрiнiң
2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І
бұйрығына 4 қосымша
Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi
вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша мүмкiншiлiктi анықтау үшiн жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiн тексерудi жүргiзу әдiстемесi
1. Қызмет мерзiмiн ұзарту мақсатында жолаушылар жылжымалы құрамының (бұдан әрi - ЖЖҚ) техникалық жай-күйiн тексеруге жолаушылар вагондары үлгiсiндегi барлық вагондар ұсынылады, оның iшiнде: почта, багаж, почта-багаж, арнайы құрам үшiн вагондар, қызметтiк тежегiш өлшеу, дәрiгерлiк-санитарлық, вагон-клубтар, динамометрикалық, рельстi егеу, ақаутапқыштар, жол өлшегiш, турлық вагондар, қалпына келтiру және өрт сөндiру поездары, жол тексеру мен көпiр тексеру, жол қызметiнiң зертханасы, вагон-дүкендер.
2. ЖЖҚ техникалық жай-күйiн тексеру құрамға тән бүлiнулердi, пайдалануда көтергiш бөлшектер мен буындардың тоттану дәрежесiн анықтау мақсатында жүргiзiледi, олар бұдан арғы пайдалану мүмкiншiлiгiн, жөндеу немесе есептен шығару қажеттiлiгi мен дәрежесiн анықтау үшiн бұдан әрi бастапқы дерек ретiнде пайдаланады.
3. Қызмет мерзiмiн ұзарту мүмкiншiлiгi туралы шешiм ЖЖҚ негiзгi көтергiш элементтердiң жай-күйiн талдау негiзiнде қабылданады: белдеулi арқалық пен раманың, аралық пен шүберiн арқалығын бүйiрден орап байлау, қаңқа элементтерi және шанақты қаптау.
4. ЖЖҚ негiзгi буындары мен жүйелерiнiң жай-күйi (электр жабдығы, желдеткiш, жылыту, сумен жабдықтау, автотежегіштік пен автотiркегiш жабдықтары, қозғалыс бөлшектерi) қолданыстағы нормативтiк актiлерге сәйкес болу тиiс.
5. ЖЖҚ ақаулықтары ЖЖҚ пайдалану, деполық және күрделi жөндеу жөнiндегi басшылықтарға сәйкес белгiленген тәртiппен жойылады.
6. Тексерiс жүргiзу кезiнде орындалмау немесе шектi жай-күйiнiң өлшемдерi ретiнде ЖЖҚ көтергiш элементтерiнiң онда олардың жолаушылар поездарының құрамында болуы мен жол жүруiне тыйым салынатын сондай техникалық жай күйi қабылданады.
7. ЖЖҚ жұмысқа жарамсыз жай-күйi қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiптi, жолаушылар мен қызмет көрсететiн персоналдың денсаулығына қауiп төндiретiн, тасымалданатын багаж бен жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз етпейтiн, ЖЖҚ габариттiк кескiнiн бұзатын ақаулықтардың болуымен сипатталады.
8. ЖЖҚ негiзгi көтергiш элементтерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру кезiнде анықталуға жататын бүлiну мен орындалу түрлерi 1-кестеде берiлген:
1-кесте
----------------------------------------------------------------
Буынның атауы ! Элементтiң атауы !Шектi жай-күйiнiң немесе
! !орындалмаудың сипаттамасы
-----------------------------------------------------------------
1. Шанақ рамасы 1. Белдеулiк арқалық Сызаттану жiберiлмейдi
Иiлiмi > 25 мм
Тоттануы > 15%
2. Шүберiндi арқалық Сызаттану жiберiлмейдi
Иiлiмi > 15 мм
Тоттануы > 15%
3. Белдеулiк және Сызаттану жiберiлмейдi
шүберiндi бөлшектеу Иiлiмi > 200 мм
буыны Тоттануы > 30%
4. Соңғы арқалық Иiлiмi > 100 мм
5. Бүйiрдегi арқалық Тоттануы > 30%
Иiлiмi > 25 мм
6. Аралық арқалық Иiлiмi > 100 мм
Тоттануы > 30%
Иiлiмi > 15 мм
2. Бүйiрлiк 1. Қаңқа элементi Қаптама бетiне шығатын,
қабырға сызаттама
Сызаттану > 30%
2. Қаптама Сызаттану > 30%
3. Қақпақ 1. Қаңқа элементi Қаптама бетiне шығатын,
сызаттама
Сызаттану > 30%
2. Қаптама Сызаттану > 30%
4. Арбашық 1. Серiппегiш сызаттану > 100 мм
(жолаушылар үстiндегi арқалық тоттану > 30%
арбашығы түрiне иiлiмi > 10 мм
ғана)
2. Арқалық рамасы Сызаттану жiберiлмейдi
Тоттану > 30%
Иiлiмi > 10 мм
------------------------------------------------------------------
9. Бiр ғана жөндеулiк жапсырмасы бар белдеулiк арқалық және арбашықтардың арқалық рамасы ЖЖҚ бiрлiктерi қызмет мерзiмiн ұзартуға жiберiлмейдi.
10. Сызаттар, сынулар, иiлiмдер, майысулар, саңылаулар кейiннен көзбен шолып өлшеу арқылы анықталады. Бекiтудi босату балғамен соғу, тоттану элементтердiң қалыңдығын өлшеу жолымен анықталады.
11. ЖЖҚ көтергiш конструкцияларының тоттану арқылы тозуының көлемi мыналарды ескере отырып анықталады:
1) ЖЖҚ металл конструкциясына қоршаған ортаның тигiзген әсерi нәтижесiнде қорғаныс қабының бүлiнуiне, тоттану салдарынан көтергiш элементтердiң қалыңдығы азаюына әкеп соғады, бұл өз кезегiнде олардың берiктiгiн нашарлатады;
2) толассыз тоттану жерлерiнде жылуды оқшаулау материалдарының берiктiгi бұзылады, артық жылуды жоғалтуға әкелетiн "жылу көпiрлерi" пайда болады;
3) ЖЖҚ шанақтың көтергiш қабiлетiне тікелей әсер ететiн конструкциялар элементтерi топтануға неғұрлым ұшыраған болып табылады: раманың бүйiрлiк ұзынынан арқалығы; дәретхана маңында, қызметтiк пен қазандық бөлмелерi мен тамбурлардағы еден төсемi; бүйiрлiк қабырғаның терезе алды белдемшесi;
4) көрсетiлген элементтерден басқа ЖЖҚ техникалық тексерiсi кезiнде сөрелер мен қабырғаларының қалыңдығын бақылау жүргiзiледi;
5) өлшеу орындарында ЖЖҚ шанағы ультрадыбыстық қалыңдық өлшегiштердi пайдалану мүмкiншiлiгi үшiн металдың жылтырауына дейiн тазаланады;
6) ЖЖҚ қызмет мерзiмiн ұзарту мүмкiншiлiгiн анықтау үшiн тоттанудың нақты жылдамдығын анықтау қажет:
Sном - Sф
V коp = ____________,
Т, мм/жыл
мұнда: Sном - элементтiң номиналдық қалыңдығы, мм. тоттанумен зақымдалмаған орындарда элементтердi өлшеу нәтижелерi бойынша не альбомдық өлшемдер бойынша анықталады, бұл ретте альбомдық мөлшерлер оң жiберумен берiктiк қорына алынады;
Sф - өлшеу нәтижелерi бойынша ЖЖҚ конструкциясы элементтерiнiң нақты қалыңдығы, мм;
T - өлшеулер жүргiзу кезiнде ЖЖҚ қызмет мерзiмi, жыл.
7) қалған қызмет мерзiмi мына Формула бойынша анықталады:
Sф - Smin
T = ___________
V кор
мұнда: Smin - берiктiлiк пен орнықтылық жағдайлары бойынша элементтiң ең аз мүмкiндiктi қалыңдығы 2-кесте бойынша қабылданады.
2-кесте
-----------------------------------------------------------------
N ! Құрылым элементі ! Элементтің қалыңдығы (мм)
! !-----------------------------
! ! атаулы ! ең аз
! ! ! мүмкіндікті
-----------------------------------------------------------------
1. Белдеулік Тік қабырға +0,4 7,0
арқалық 9,5 -0,9
арқалық Сөрелер 13,5 -0,8 10,0
Консольдік
бөлігі
----------------------------------------------------------------
2. Белдеулік Тік қабырға +0,3 4,5
арқалық 6,5 -0,7
Сөрелер 11 -0,7 8,0
Ортаңғы бөлім
----------------------------------------------------------------
3. Раманың бүйірлік Тік қабырға +0,5 4,5
орамасы 6,5 -1,0
+0,5 4,5
Сөрелер 6,5 -1,0
----------------------------------------------------------------
4. Шүберін Жоғарғы және +0,3 7,5
төменгі парақ 10 -0,5
+0,3 7,5
Сөрелер 10 -0,5
----------------------------------------------------------------
5. Аралық арқалық Тік қабырға +0,4 7,0
9,5 -0,9
Сөрелер 13,5 -0,8 10,0
----------------------------------------------------------------
6. Еден беттері 2 + 0,1 1,5
----------------------------------------------------------------
7. Бүйір қабырғаның төменгі 2,5 + 0,1 2,0
белдеуінің беттері
----------------------------------------------------------------
8) ЖЖҚ құрылымның тексерiлетiн элементтердiң атаулы мөлшерлерi туралы шүбасыз мәлiметтер болмаған кезде қалған қызмет мерзiмiн анықтау үшiн басшылыққа 3-кесте алынуы тиiс:
-----------------------------------------------------------------
Құрылым элементтерi ! Тоттану жылдамдығы
! мм/жыл
-----------------------------------------------------------------
Бүйiр қабырғаның еденi және терезе
астындағы белдеуi
- - вагон ортасы (шүберiндi 0,1
арқалықтар аралығы)
- - консоль 0,2
- - дәретхана аймағы 0,3
Вагонның жанындағы ұзына арқылы
рамасы
- - вагон орталығы 0,15
- - консолі 0,25
- - дәретхана өңiрi 0,3
Белдеулiк арқалық 0,1
Қаптал қабырғалар және аралық 0,15
арқалық
Арба рамасының бойлық және 0,1
көлденең арқалықтары
Ceрiппегiш үстiндегi арқалық 0,1
----------------------------------------------------------------
12. Тексерiлiп отырған элементтер ластанған кезде болжамды ақаулықтар орындары қырнауыш немесе қырғышпен тазартылады.
13. ЖЖҚ өлшеу кезiнде мына құралдар пайдаланылады: металдан жасалған өлшеу сызғышы; металдан жасалған өлшеу рулеткасы; ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуiш.
14. ЖЖҚ электр сымдарының жай-күйiн бағалау үшiн өлшем өрiстерi 4 МОм кем емес мегометр немесе цифрлық мультиметр көмегiмен вагон iшiндегi және вагон астындағы электр тiзбегiнiң оқшаулау кедергiсi бақыланады.
15. ЖЖҚ оқшаулау кедергiсi кемiнде 2 МОм болуы тиiс, ол генератор жұмыс iстемейтiн және аккумуляторлық батарея ажыратылған кезде өлшенедi.
16. ЖЖҚ-ның тексерiлетiн элементтерiнiң әрқайсысында ақаулықтар немесе жөндеу iздерi болуы Техникалық жай-күй картасында белгiленедi (5-қосымша).
17. ЖЖҚ тексеруге қатысатын барлық қатысушылар жұмыстарды жүргiзу алдында белгiленген есепке алу құжаттамасында тиiстi тiркеу арқылы қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау бойынша нұсқау алады.
18. Тексеруге жататын ЖЖҚ тыйым салынатын сигналдармен қоршалады, ал тексеру бойынша жұмыстарды кем дегенде екi қызметкер жүргізедi, оның бiреуi жапсарлас аумақ пен темiр жолдарды жеткiлiктi шолуды қамтамасыз ететiн және елеулi қауiптi дер кезiнде анықтауға, қалған қызметкерлердi ескертуге мүмкiндiк беретiн аймақта болады.
19. ЖЖҚ техникалық тексеру кезiнде жиналған ақпарат жолаушылар вагондары үлгiсiндегi вагондардың техникалық жай-күйiнiң картасына сәйкес ЖЖҚ конструкциясының көтергiш қабiлеттiлігі мен жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн анықтау үшiн деректердiң толықтығы мен жеткiлiктiлiгiн айқындау мақсатымен алғашқы өңдеуден өтедi.
20. ЖЖҚ тексеру процесiнде алынған ақпарат, сынау нәтижелерi мен нақты жай-күйiн есептеу негiзiнде ЖЖҚ қызмет мерзiмiн 5 жылдан асырмай ұзарту мүмкiншiлігі анықталады.
"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет
мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi
бекiту туралы" Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрiнiң
2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І
бұйрығына 5 қосымша
Жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйінің картасы
------------------------------------------------------------------
Тексерудің орны мен күні ! шанақ
------------------------------------------------------------------
N!Вагон !Жасалған! Соңғы жөндеу!Белдеулiк !Соңғы !Көлденең
!нөмірі!күні !-------------!арқалықтың!арқалықтың!арқалықтардың
! ! !КЖ-1!КЖ-2!ДЖ !тоттануы, !сызаты !және олардың
! ! ! ! ! !сызаты ! !қосылу буын.
! ! ! ! ! ! ! !дарының сызаты
! ! ! ! ! ! ! !мен тоттануы
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
шанақ
------------------------------------------------------------------
Соққы !Белдеулiк !Шанақ !Көлденең !Бүйiрлiк !Теже.
розеткасының!арқалықтың!элементiнiң!арқалыктың!қабырғаның !гiштiк
тозуы, !жол беруге!тоттануы, !жол беруге!қаптамасының!бекiту.
сызаттануы !болмайтын !сызаты !болмайтын !майысуы, !дiң
!майысуы ! !майысуы !тоттануы !босауы
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
шанақ ! арбалар
------------------------------------------------------------------
Ағыту !Төбе !Rиз МОм !Кронштейн !Көлденең !Серiппегiш
иiнтiрегiнiң!қаңқасының!электр !өшiргiшiнiң!және !үстiндегi
босауы, !тоттануы, !сымының !сызаты !бойлық !бiлеудiң
ажырауы !сызаты !жай-күйi! !арқалық. !тоттануы,
! ! ! !тардың !сызаты
! ! ! !жол беруге!
! ! ! !болмайтын !
! ! ! !майысуы !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-------------------------------------------
арбалар ! басқалар !
------------------------------------------!
Арба !Сақтандырғыш! ! ! ! !
рамасының!қапсырмалар ! ! ! ! !
тоттануы,!мен бұранда.! ! ! ! !
сызаты !малардың ! ! ! ! !
!сызаты ! ! ! ! !
-------------------------------------------
-------------------------------------------