Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 17 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 11 сәуірде № 6885 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңын іске асыру және бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Агенттік Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
      1-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессиялық шарттың және кепілдік шарттың көшірмелері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөліктері болып табылады. Инфрақұрылымдық облигациялар, төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигациялар, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылымы проспектісімен облигациялар ұстаушылар өкілімен жасалған шарттардың көшірмелері қоса беріледі.»;
      1-4-тармақта «(оның бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде)» сөздерден кейін «төленуі алдында эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигацияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 6) тармақшасындағы «банк кепiлдiгiн қамтамасыз еткен облигациялар» деген сөздер «ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1. Эмитент облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш.
      Заңның 9-бабының 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көзделген облигациялар шығарылымы талаптарына өзгерістер енгізген жағдайда өтініште мынадай ақпарат көрсетіледі:
      бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялаған күні туралы;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткені туралы (облигациялар ұстаушылардың саны елуден аспаған жағдайда) жазбаша хабарламаны жіберген күні туралы;
      бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімін жариялаған күні туралы;
      2) бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитент мөрінің бедерімен расталған облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасымалдауышта екі данада жасалған. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) жасалған өзгерістер мен толықтырулар бар;
      3) қаржылық есеп берусіз Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдауышта енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама);
      4) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) соның негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізген эмитент органы шешімінің көшірмесі;
      5) эмитенттің атауы, оның тұрғылықты орны, облигация түрінің өзгеруі, облигациялардың саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі кеміген жағдайдағы облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
      6) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу нәтижесінде облигацияның меншік иелері құқықтарының бұзылмайтындығы туралы эмитенттің жазбаша міндеттемесі;
      7) эмитенттің атауы өзгерген, шаруашылық серіктестіктердегі қатысушылардың құрамы өзгерген жағдайда (шаруашылық серіктестіктің қатысушылары тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылары тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен жүзеге асырылатын шаруашылық серіктестіктерді қоспағанда) – заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі мен жарғыға өзгерістердің көшірмесі;
      8) эмитенттің тұрғылықты орны өзгерген жағдайда - әділет органының заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімге (заңды тұлғалардың электронды тіркеліміне) жаңа мәліметтерді енгізуін растайтын құжаттың көшірмесі және жарғыға енгізген өзгерістердің көшірмесі;
      9) облигациялар саны азайған жағдайда тіркеуші берген облигациялар саны азайғаны жөніндегі шешім қабылданған күннің алдындағы күніне бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотының жай-күйі туралы үзіндінің көшірмесі.
      Эмитенттің соттың құрылымды қайта қарау жөніндегі шешіміне сәйкес құрылымды қайта қарауы жүргізілген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      сот бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының көшірмесі және оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарының өзгерістерін қоса бере отырып, эмитенттің құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      міндеттемелерінің құрылымын қайта қарау жорамалданып отырған эмитент кредиторларының жиналысы өтетін күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      Банктер туралы Заңының 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмесі.
      Заңның 9-бабының 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығарылымының проспектісіндегі (облигациялық бағдарлама) мәліметтер өзгерген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)–3), 5), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, облигация ұстаушылардың (сот шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайлардағы қайта құрылымдау жүргізетін эмитенттердің қоспағанда) жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі қосымша беріледі.
      Облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      эмитенттің атауы, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және жері;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында қатысқан ұстаушылардың облигациялар саны туралы мәліметтер;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы төрағасының және хатшысының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі дауыс беруге салынған әр мәселесі бойынша облигациялар ұстаушылар дауыстарының жалпы саны;
      облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі мәселе бойынша күн тәртібінің әр тармағы бойынша эмитенттің облигациялар ұстаушыларының жалпы жиналысымен қабылданған шешімі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер.»;
      5-4-тармақта «мемлекеттік тіркелуі» деген сөзден кейін «төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигацияларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын»;
      12-112-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім уәкілетті органмен Заңның 30-1-бабында көзделген негіздемелер бойынша қабылданады.
      12-2. Облигациялар шығарылымының күшін жою үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ерікті нысанда жазылған өтініш;
      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің шешімінің көшірмесі;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, облигациялар шығарылымының проспектісінің уәкілетті органның тіркеу туралы белгісімен түпнұсқалары;
      4) егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаса немесе эмитент осы шығарылымның барлық облигацияларын қайталама бағалы қағаздардың нарығында сатып алған жағдайда жою туралы шешімді қабылданған күнге тіркеушінің облигациялар ұстаушыларының жоғы туралы хабарламасы;
      5) қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда осы шығарылымның барлық облигациялары бойынша талап ету құқықтарының сатып алынғанын растайтын құжат.
      Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде эмитент осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша сотпен бекітілген қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, эмитенттің қайта құрылымдауын жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Мәжбүрлеп таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша тарату процесінің аяқталғанын растайтын құжаттарды (тарату балансының көшірмесін) ұсынады.»;
      14-тармақтың үшінші бөлігіндегі «эмитент» деген сөз «банк» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-3-тармақта:
      5) тармақшада «облигациялар шығарылымы эмитент кепілдігімен қамтамасыз етілген» деген сөздер «ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «, оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарын» деген сөздер алып тасталсын;
      16-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-3. Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде және тоқсан сайын айдың 10 (оныншы) күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезең ішінде осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.»;
      1-қосымшада:
      33-1-тармақ «сенімгерлікпен басқаруға берілген» деген сөздерден кейін «, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
      38-тармақта:
      5-1) тармақша «облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртібі» деген сөздерден кейін «(осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигацияларды қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-9) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-9) төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигациялар шығарылған кезде осы облигациялардың мемлекеттік тіркелу күні мен нөмірі, олардың түрі және саны қосымша көрсетіледі;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) облигациялық заемның нысаналы мақсаты;»;
      2-қосымшада:
      21-1-тармақ «сенімгерлікпен басқаруға берілген» деген сөздерден кейін «, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақта:
      7) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) облигациялық заемның нысаналы мақсаты;»;
      3-қосымшаның 7-тармағындағы «, ішкі аудит қызметі басшысының (болған жағдайда)» деген сөздер алып тасталсын;
      5-қосымшаның 5-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелу күнін және нөмірін, осы облигациялар түрін, санын көрсете отырып, төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын орналастырылған облигациялар туралы ақпарат;»;
      9-қосымшада:
      «Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша бір де бір акция орналастырылмаған.» деген сөздер алып тасталсын;
      «Акциялар шығарылымы ______________________күннен бастап күшін жойды.» деген сөйлемнің алдынан «____________________ байланысты» деген сөздермен толықтырылып, «Акциялар» деген сөз кіші әріппен жазылсын;
      10-қосымшада:
«

Берешекті толық төлеу үшін жетіспейтін сомасы

9


                       »

      деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын
«

Негізгі берешектің сомасы

9-1


                        ».

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады