"Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 маусымдағы N 380 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда N 7038 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.03 № 143 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1948 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінің 2002 жылғы 31 тамыздағы N 35 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу Ережесі:
      мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:
      "4-1. Мемлекеттік тізілімге Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифімен белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолдануына қатысы бар темір жол жылжымалы құрамы туралы қосымша мәліметтер енгізіледі.
      Қосымша мәліметтер кедендік бажын төлеу туралы ақпаратты қамтиды.";
      мынадай мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:
      "6-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға берген жағдайда уәкілетті органды хабарлау, сонымен бірге жалға берушінің немесе жалға алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет.";
      мынадай мазмұндағы 24-1 тармағымен толықтырылсын:
      "24-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын өзге Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін сатылған жағдайда сатушының немесе сатып алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынғаннан кейін Мемлекеттік тізілімінен шығарылуға жатады.".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Камалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады