"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 19083 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2023 № 210 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 9 тамызда № 356-357 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін айқындайды.";

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерді аттестаттаудың негізгі мақсаты:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдістерді игерген жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

      2) әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру;

      3) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін әлеуметтік қызметкер қызметінің уәждемелік аясын кеңейту болып табылады.

      4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында жүргізілетін рәсім;

      2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.

      5. Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында бес жылда кемінде бір рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткізіледі, бұл ретте бала күтімі бойынша демалыста жүрген әлеуметтік қызметкер жұмысқа шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін аттестатталады.

      6. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкер атқаратын лауазымы бойынша біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтініш беру негізінде өтеді, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілікке қойылатын талаптарды ескере отырып бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады.

      11. Аттестаттау комиссиясы саны кемінде бес адамнан тұратын комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады. Міндетті аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясын оның Төрағасы болып табылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) басшысы не оның орынбасары, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орынбасары басқарады. Аттестаттау комиссиясының Төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, аттестаттау комиссиясының қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жалпы бақылауды жүзеге асырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Аттестаттау комиссиясы өз қызметін осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әлеуметтік қызметкер мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      еркін нысандағы жазбаша өтініш;

      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

      ұйымның кадр қызметі куәландырған білімі туралы дипломның көшірмесі;

      ұйымның кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

      аттестаттаудан өту туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тестілеу";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тестілеу әлеуметтік қызметкердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілер әлеуметтік қызметкердің негізгі қызмет түрлерін қамтуға және:

      1) міндетті аттестаттау кезінде 60 сұрақтан тұруға тиіс, оның ішінде:

      10 сұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша;

      20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша;

      30 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша;

      2) мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде 80 сұрақтан тұруға тиіс, оның ішінде:

      20 сұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша;

      20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша;

      40 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша.

      Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Уәкілетті орган тест сұрақтарын жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей міндетті аттестаттаудан және мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшін бекітеді. Тестілер жауаптардың біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме (ұйым) тиісті жылы алғаш рет аттестаттау өткізген жағдайда тестілеу күнінен кемінде екі ай бұрын уәкілетті органды бұл туралы хабардар етеді. Уәкілетті орган тестілеу өткізу күнінен күнтізбелік 15 күн бұрын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) басшысына тестілік тапсырмаларды пошта бойынша тестілеу өткізуді ұйымдастыру үшін жібереді. Тестілерді орындауға берілген уақыт міндетті аттестаттау кезінде 60 минутты, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде 80 минутты құрайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Аттестаттау комиссиясы мен уәкілетті органның, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) бірінші басшылары тестілеу сұрақтарының құпиялығы мен оларды тестілеу өткізу уақытына дейін жарияламауды қамтамасыз етеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Әңгімелесуді өткізу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қайта аттестаттау";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қорытынды рәсімдер";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан табысты өткен әлеуметтік қызметкерге уәкілетті орган хаттамалық шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес аттестаттаудан өтуі туралы куәлік береді. Аттестаттаудан өтуі туралы куәлік беру журналда тіркеледі.";

      мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:

      "36. Біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап 5 жылды құрайды.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 24 шілдедегі
№ 376 бұйрығына
қосымша
  Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы әлеуметтік
қызметкерлерді аттестаттау
қағидасына
2-қосымша
Нысан

      _________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      аттестаттаудан өту туралы

      № _________ куәлік

      20__ жылғы "__" ___________ аттестаттау комиссиясының шешімімен,

      № ________ хаттама

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      20__ жылғы "___" _____________ аттестаттау комиссиясының

      шешіміне сәйкес ____________________________________________________

                              (лауазым атауы)

      20 жылғы "___" ___________ мерзіміне дейін

      _____________ біліктілік санаты белгіленді немесе жоғарылатылды.

      Аттестаттау

      комиссиясының төрағасы:____________________________________________

                              (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Аттестаттау

      комиссиясының хатшысы:

      __________________________________________________________________

                        (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      М.О.

      Берілген жері ____________________ Күні "___"__________ 20__жыл.

      (қала, облысты көрсету қажет)

      Тіркеу № ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады