Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 тамызда № 7112 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 124 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.08.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Б.Т. Берсебаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Н.Н. Оразовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат 
министрінің      
2011 жылғы 11 шілдедегі
№ 198 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын
қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы
тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тексерілетін субъектілер - қызмет барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары пайда болатын мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ мұрағат ісін басқару және жүргізу органдары;
      2) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттары мен жеке құрам бойынша құжаттарға зиян келтіру, жоғалту (жою) ықтималдылығы.
      3. Тәуекел дәрежесіне қарай тексерілетін субъектілер жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
      4. Алғашқыда барлық тексерілетін субъектілер төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      Тексерілетін субъектілерді төменгі тәуекел дәрежесі тобының ішінен басымды іріктеу үшін сақтаудағы құжаттардың ең үлкен көлемі негіз болады.
      5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері, критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен тексерілетін субъект тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:
      1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден бастап 5-ке дейін балл жинаған тексерілетін субъектілер жатады;
      2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан бастап 11-ге дейін балл жинаған тексерілетін субъектілері жатады;
      3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған тексерілетін субъектілер жатады.
      6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:
      құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы – 1 балл;
      құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл;
      келісілген істер номенклатурасының болмауы, істерді қалыптастыру мен мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл;
      ведомстволық мұрағатта Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын белгіленген уақытша сақтау мерзімдері мен мемлекеттік мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл;
      Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттардың есебінің жүргізілмеуі – 1 балл;
      мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесінің болмауы – 1 балл;
      Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау режимі мен жағдайларының бұзылуы – 6 балл;
      Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттарды пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы – 6 балл;
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тіркелген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекітумен белгіленген сақтау мерзімдерінің бұзылуы – 6 балл;
      мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттардың физикалық, химиялық және техникалық жай-күйін есепке алудың болмауы – 6 балл;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттардың сақталуының қамтамасыз етілмеуі – 12 балл;
      Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттарды мемлекеттік органдардың келісімінсіз жою – 12 балл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады