Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 479 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 23 қыркүйекте № 7200 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылдағы 20 шілдеде "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 8 бабы 8) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушықтарды жою туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.

      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жәмішев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 479 бұйрығына қосымша
  нысан

Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.10.2018 № 936 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" __________                                     № ________

      _________________________________________________________________________

                              (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын

      мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылдағы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының

      Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Сізге ________________________________________

      ________________________________________________________хабарлайды.

      (мұнай өнімдерін өндіретін және (немесе) сататын тұлғаның Т.А.Ә. (ол бар болса)

      немесе атауы)

      ЖСН (БСН) _______________________________________________________________

      мұнай өнімдері айналымы саласындағы камералдық бақылау қортындысы бойынша

      20___жылғы "___"___________ анықталған бұзушылықтар туралы

      ________________________________________________________хабарлайды.

                              (бұзушылықтың мазмұны)

      Заңның 16-бабына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді жүзеге

      асыратын тұлға, осы хабарламаны берілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап

      30 күнтізбелік күн ішінде орындауға міндетті.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік кірістер

      органының басшысы

      (Басшысының орынбасары)___________________________ ____________________

                                          (Т.А.Ә. (ол бар болса))             (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым

      _________________________________________________________________________

      (мұнай өнімдерін өндіретін және сататын тұлғаның немесе

      оның өкілінің Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      Хабарлама тапсырылды

      _________________________________________________________________________

      (мұнай өнімдерін өндіретін және сататын тұлғаның немесе

      оның өкілінің Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      ___________________________________________________ ____________________

                  (мемлекеттік кірістер органының                         (қолы, күні)

      лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (ол бар болса))

      Хабарлама мұнай өнімдерін өндіретін және сататын тұлғаның немесе

      оның өкіліне жіберілді

      Мекен-жай: ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                              (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады