Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/182 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 310 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйекте № 7221 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 223 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 486 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 25.06.2015 № 223 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Жеке кәсіпкерлік саласындағы Тексеру парақтарының нысандары:
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (казино) туралы заңнамасының орындалуы үшін, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (ойын автоматтары залы) туралы заңнамасының орындалуы үшін, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (букмекер кеңсесі) туралы заңнамасының орындалуы үшін, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (тотализатор) туралы заңнамасының орындалуы үшін, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ. Кәкен):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ. Кәкенге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрінің    Экономикалық даму және сауда
      міндетін атқарушы                министрінің міндетін атқарушы
      _____________ Ә.Пірметов         _____________ М.Құсайынов

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт министрінің   
міндетін атқарушының       
2011 жылғы 13 қыркүйектегі   
№ 02-02-18/182        
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму       
және сауда министрінің     
міндетін атқарушының      
2011 жылғы 16 қыркүйектегі    
№ 310                
бірлескен бұйрығына     
1-қосымша            

нысан             

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (казино) туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Уәкілетті орган ____________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы актінің № ________________________________
Құқықтық статистика жөніндегі органның тіркеу № ____________________
Ойын бизнесі субъектісінің атауы ___________________________________
Казино атауы _______________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы _______________________________________
БСН, ЖСН (СТН)

Талаптар тізбесі

Бар/жоқ

1

Казино "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес орналасады


2

Ойын бизнесін ұйымдастырушыда әрбір ойын мекемесіне арналған міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен есептелген) қамтамасыз етудің болуы, яғни Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылған, банк пен клиент арасында бірінші талап бойынша салымды беру шартымен (өзі талап ететін салым) жасалатын шарт негізінде. Казино үшін міндетті резервтер 25000 есептік көрсеткіштерді (бұдан әрі - АЕК) құрайды


3

Ойын бизнес ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казиноны ұйымдастыруды және өткізуді не ақшадан басқа, өзге мүлік түріндегі ставкаларды қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігу ойындарын ұйымдастырудың жүзеге асыруы


4

Ойын мекемесінің кассалары жазылған ақпараттың кемінде жеті күн бойы сақталуын және құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына барлық қатысушылардың әрекетін тіркеп отыруды қамтамасыз ететін бейнежазу жүйелерімен жабдықталған


5

Казинода кемінде жиырма ойын столдары орнатылған


6

Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына қатысушыларға ұтыстар төлеуді жүргізілетін құмар ойындары және (немесе) бәс тігу ойындарының ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар) ойындарының және (немесе) бәс тігу ойындарының нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді


7

Міндетті резервтер сомасы 25000 АЕК төмендеген жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай төмендеу болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді осы сомаға дейін толықтырады


8

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшалардың бар болуы және қозғалысы туралы анықтаманы уәкілетті органға уақтылы беруі


9

Ойын мекемесінің жұмыс істеу, ставкалар қабылдау және жүргізілетін құмар және (немесе) бәс тігу ойындарының ережесі құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына қатысушыларды онымен таныстыру үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, көрнекі орынға орналыстырылған


10

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу және беру


11

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға оларға қатысты ақпарат берілетін клиенттер мен өзге тұлғаларды хабардар ету


12

Ішкі бақылау ережелерін және оларды қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау


Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:
________________   ________________  ________________
 (лауазымы)           (қолы)            (Т.А.Ә)

Бақылау субъектісі:
________________   ________________  ________________
 (лауазымы)           (қолы)            (Т.А.Ә)

Күні:____________

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының       
2011 жылғы 13 қыркүйектегі   
№ 02-02-18/182        
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму       
және сауда министрінің     
міндетін атқарушының      
2011 жылғы 16 қыркүйектегі    
№ 310            
бірлескен бұйрығына     
2-қосымша            

нысан             

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (ойын автоматтары залы) туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Уәкілетті орган _________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы актінің №______________________________ Құқықтық статистика жөніндегі органның тіркеу №__________________
Ойын бизнесі субъектісінің атауы_________________________________
Ойын автоматтары залының атауы __________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ____________________________________
БСН, ЖСН (СТН)


Талаптар тізбесі

Бар/жоқ

1

Ойын автоматтары залы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес орналасады


2

Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызы тоқсан пайыздан темен емес


3

Ойын бизнесін ұйымдастырушыда әрбір ойын мекемесіне арналған міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен есептелген) қамтамасыз етудің болуы, яғни Қазақстан Республикасының аумағындағы, банктерде орналастырылған, банк пен клиент арасында бірінші талап бойынша салымды беру шартымен (өзі талап ететін салым) жасалатын шарт негізіндегі. Ойын автоматтары залы үшін міндетті резерв 25000 АЕК құрайды


4

Ойын автоматтарының және олардың бөліктерін ойын автоматтары залының қабырғаларына, терезе және есік жақтауларына орнатуға жол берілмейді


5

Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруды ақшадан басқа, өзге мүлік түріндегі ставкаларды қабылдауды көздейтін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігу ойындарын ұйымдастыруды жүзеге асыруына жол берілмейді


6

Ойын мекемесінің кассалары жазылған ақпараттың кемінде жеті күн бойы сақталуын және құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына барлық қатысушылардың әрекетін тіркеп отыруды қамтамасыз ететін бейнежазу жүйелерімен жабдықталған


7

Ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматтары орнатылғын


8

Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына қатысушыларға ұтыстар төлеуді жүргізілетін құмар ойындары және (немесе) бәс тігу ойындары ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойындарының және (немесе) бәс тігу ойындарының нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді


9

Міндетті резервтер сомасы 25000 АЕК төмендеген жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай төмендеу болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді осы сомаға дейін толықтырады


10

Ойын мекемесінің жұмыс істеу, ставкалар қабылдау және жүргізілетін құмар және (немесе) бас тігу ойындарының ережесі құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына қатысушыларды онымен таныстыру үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, көрнекі орынға орналастырылған


11

Ойын бизнесін ұйымдастырушы банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшалардың бар болуы және қозғалысы туралы анықтаманы уәкілетті органға уақтылы беруі


12

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпараты құжаттық тіркеу және беру


13

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға оларға қатысты ақпарат берілетін клиенттер мен өзге тұлғаларды хабардар ету


14

Ішкі бақылау ережелерін және оларды қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау


Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:
________________   ________________  ________________
  (лауазымы)           (қолы)            (Т.А.Ә)

Бақылау субъектісі:
________________   ________________  ________________
   (лауазымы)           (қолы)             (Т.А.Ә)

Күні:________

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының       
2011 жылғы 13 қыркүйектегі   
№ 02-02-18/182        
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму       
және сауда министрінің     
міндетін атқарушының      
2011 жылғы 16 қыркүйектегі    
№ 310                
бірлескен бұйрығына     
3-қосымша            

нысан 

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (букмекер кеңсесі) туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Уәкілетті орган _________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы актінің № _____________________________
Құқықтық статистика жөніндегі органның тіркеу № _________________
Ойын бизнесі субъектісінің атауы ________________________________
Букмекер кеңесінің атауы _______________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________
БСН, ЖСН (СТН)

Талаптар тізбесі

Бар/ жоқ

1

Букмекер кеңсесі немесе оның кассасы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес орналасады


2

Ойын бизнесін ұйымдастырушыда әрбір ойын мекемесіне арналған міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен есептелген) қамтамасыз етудің болуы, яғни Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылған, банк пен клиент арасында бірінші талап бойынша салымды беру шартымен (өзі талап ететін салым) жасалатын шарт негізінде Букмекер кеңсесі үшін міндетті резервтер 20000 АЕК құрайды


3

Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казиноны ұйымдастыруды және өткізуді не ақшадан басқа, өзге мүлік түріндегі ставкаларды қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігу ойындарын ұйымдастыруды жүзеге асыруына жол берілмейді


4

Ойын мекемесінің кассалары жазылған ақпараттың кемінде жеті күн бойы сақталуын және құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына барлық қатысушылардың әрекетін тіркеп отыруды қамтамасыз ететін бейнежазу жүйелерімен жабдықталған


5

Ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-программалық кешені мен ойын жабдығы арқылы жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтыстарын төлеуді жүзеге асыруы және қамтамасыз етуі


6

Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарына және (немесе) бәстігу ойындарына қатысушыларға ұтыстар төлеуді жүргізілетін құмар ойындары және (немесе) бәстігу ойындары ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойындарының және (немесе) бәс тігу ойындарының нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді


7

Міндетті резервтер сомасы 20 000 АЕК төмендеген жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай төмендеу болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді осы сомаға дейін толықтырады


8

Ойын мекемесінің жұмыс істеу, ставкалар қабылдау және жүргізілетін құмар және (немесе) бәс тігу ойындарының ережесі құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына қатысушыларды онымен таныстыру үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, көрнекі орынға орналыстырылған


9

Ойын бизнесін ұйымдастырушының банктік салым шартын жасаған кезде алынған банктік шоттар бойынша ақшалардың бар болуы және қозғалысы туралы анықтаманы уәкілетті органға уақтылы беруі


10

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу және беру


11

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға оларға қатысты ақпарат берілетін клиенттер мен өзге тұлғаларды хабардар ету


12

Ішкі бақылау ережелерін және оларды қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау


Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:
________________   ________________  ________________
  (лауазымы)           (қолы)            (Т.А.Ә)

Бақылау субъектісі:
________________   ________________  ________________
  (лауазымы)            (қолы)           (Т.А.Ә)

Күні:__________

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының       
2011 жылғы 13 қыркүйектегі   
№ 02-02-18/182        
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму       
және сауда министрінің     
міндетін атқарушының      
2011 жылғы 16 қыркүйектегі    
№ 310                
бірлескен бұйрығына     
4-қосымша            

нысан

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі (тотализатор)
туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Уәкілетті орган ______________________________________________
Тексеру тағайындау туралы актінің №___________________________
Құқықтық статистика жөніндегі органның тіркеу № ______________
Ойын бизнесі субъектісінің атауы _____________________________
Тотолизатордың атауы _________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы _________________________________
БСН, ЖСН (СТН)

Талаптар тізбесі

Бар/жоқ

1

Тотализатор немесе оның кассасы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының  3-тармағыныңталаптарына сәйкес орналасады


2

Ойын бизнесін ұйымдастырушыда әрбір ойын мекемесіне арналған резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы  заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен есептелген) қамтамасыз етудің болуы, яғни Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылған, банк пен клиент арасында бірінші талап бойынша салымды беру шартымен (өзі талап ететін салым) жасалатын шарт негізінде. Тотализатор үшін міндетті резервтер 5000 АЕК құрайды


3

Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының аумағында онлайын-казиноны ұйымдастыруды және өткізуді не ақшадан басқа, өзге мүлік түріндегі ставкаларды қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігу ойындарын ұйымдастыруды жүзеге асыруына жол берілмейді


4

Ойын мекемесінің кассалары мен ойын ойнайтын орындары жазылған ақпараттың кемінде жеті күн бойы сақталуын және құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына барлық қатысушылардың әрекетін тіркеп отыруды қамтамасыз ететін бейнежазу жүйелермен жабдықталған


5

Ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-программалық кешені мен ойын жабдығы арқылы жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтыстарын төлеуді жүзеге асыруы және қамтамасыз етуі


6

Ойын бизнесін ұйымдастырушыда нәтижесіне қатысты олар ставкалар жасаған, бәс тігу қатысушыларға оқиғаның дамуын және аяқталуын бақылауға мүмкіндік беретін ойын жабдығының болуы


7

Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына қатысушыларға ұтыстар төлеуді жүргізілетін құмар ойындары және (немесе) бәс тігу ойындары ережелерінде көзделген  мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойындарының және (немесе) бәс тігу ойындарының нәтижелерін шығарған сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді


8

Міндетті резервтер сомасы 5 000 АЕК төмендеген жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай төмендеу болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді осы сомаға дейін толықтырады


9

Ойын бизнесін ұйымдастырушының банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшалардың бар болуы және қозғалысы туралы анықтаманы уәкілетті органға уақтылы беруі


10

Ойын мекемесінің жұмыс істеу, ставкалар қабылдау және жүргізілетін құмар және (немесе) бәс тігу ойындарының ережесі құмар ойындарына және (немесе) бәс тігу ойындарына қатысушыларды онымен таныстыру үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, көрнекі орынға орналыстырылған


11

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу және беру


12

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға оларға қатысты ақпарат берілетін клиенттер мен өзге тұлғаларды хабардар ету


13

Ішкі бақылау ережелерін және оларды қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау


Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:
________________   ________________  ________________
  (лауазымы)           (қолы)           (Т.А.Ә)

Бақылау субъектісі:
________________   ________________  ________________
  (лауазымы)           (қолы)             (Т.А.Ә)

Күні:_______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады