"Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 398 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қазанда № 7242 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.07.24 № 344 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6653 тіркелді, Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 11 қаңтар № 6-7 (26409)) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесінде:
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Сараптаманы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Оқулық» орталығы) жүргізеді.»;
      20-тармақ алынып тасталсын;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. «Оқулық» орталығы бір оқулықтың, оқу-әдістемелік кешен мен құралдың сараптамасын осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген материалдардың сараптамаға түскен күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде өткізеді.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Оқулық» орталығы теріс сараптамалық нәтиже ұсынған жағдайда уәкілетті орган оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдардың әзірлеушісін күнтізбелік он бес күннің ішінде хабардар етеді.
      Қайта сараптама күнтізбелік отыз күннің ішінде өткізіледі.
      Қайтадан теріс сараптамалық нәтиже алған оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен құрал ағымдағы жылы сараптамаға қабылданбайды.»;
      47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тізбе келесі 4 оқу жылы бойы қолданыста болады.».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С.Кәрімжанов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады