Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлікті беруге арналған өтiнiштің нысанын және аккредиттeу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 желтоқсанда № 7349 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.11.2014 № 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 14-1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысымен бекітілген Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағиданың 5-тармағының 1)-тармақшасына,
9 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлікті беруге арналған өтiнiштің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттeу туралы куәліктің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 наурызда № 2730 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., № 13-16, 917-құжат жарияланған);
      2) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуден өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығының 1-тармағының 1)-тармақшасы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 наурызда № 6850 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 144-145 (26565-26566) «Казахстанская правда», 2011 жылғы 2 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т. Әбілова) осы бұйрықтың:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі М.Е.Омаровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Ә. Пірметов

Қазақстан Республикасы    
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының    
2011 жылғы 29 қарашадағы  
№ 02-02-18/222 бұйрығына
1-қосымша           

Нысан

Кiмге ____________________________________
_______________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
__________________________________________
уәкiлеттi орган басшысының лауазымы,
__________________________________________
тегi, аты-жөнi)
Кiмнен ___________________________________
__________________________________________
(Республикалық қоғамдық бiрлестiк
___________________________________________
басшысының немесе өкiлiнiң тегi, аты-жөнi)
___________________________________________
(мекен-жайы, телефоны, электрондық поштасы)

Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлікті беруге арналған
ӨТIНIШ

Сiзден_______________________________________________________________
                (Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң атауы)
____________________________________________________________________
аккредиттеуді өткізуді және аккредиттеу туралы куәлiк беруiңiздi сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
      1) бірлестіктің құрылтай құжаты мен заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірлемелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi;
      2) бірлестіктің Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында орналасқан филиалдарының ережесі мен оларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi;
      3) спорт түрлері бойынша бағдарламаларды iске асыруға бiрлестiктiң қатысуы туралы ақпарат;
      4) дене шынықтыру және спорт салаласындағы мамандануы бойынша жоғарғы кәсіби немесе орта кәсіби білімі бар бiлiкті кадрлардың бар екендігі туралы дипломдардың көшірмелері;
      5) спорттық секциялар, клубтар, топтар саны және оларда осы спорт түрімен шұғылданатындар саны туралы ақпараттық анықтама.

      М.О.  ___________ _____________________
              (қолы)       (тегi, аты-жөнi)

      «____» ___________ 20__ жыл

      Өтiнiштiң түскен күнi "___" __________ 20 __ ж.
      Тiркеу нөмiрi _______________________
      _____________________________________
      (жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты-жөнi)

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының  
2011 жылғы 29 қарашадағы 
№ 02-02-18/222 бұйрығына 
2 қосымша          

Нысан

Елтаңба

Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттeу туралы
КУӘЛIК

Заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының атынан ___________________________________________________тиiстi халықаралық
           (спорт түрi)
ұйымдарға қатысушы болу______________________________________________
                         (Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң атауы)
___________________мәртебесiн, құқықтары мен өкiлеттiктерiн растайды.

(20__ жылғы «___» __________ № ___________ бұйрық)
Куәлiк 20___жылғы «____» __________________ дейiн қолданылады.

      Сериясы:                    №

      Берiлген күнi:

Астана қ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады