Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 220 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 ақпанда № 7405 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру мен өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі есептерді қарау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережеде:
      1-қосымшаның 13-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-2. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
      Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының тегін, атын, бар болса – әкесінің атын және оның қызметіне кірісу күнін көрсету қажет.»;
      7-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 220 қаулысына қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу және
облигацияларды орналастыру және өтеу,
облигациялар шығарылымының күшін жою
қорытындылары жөніндегі ережеге
7-қосымша

      Халықаралық қаржы ұйымдарының тiзбесi:

      1) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      2) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      3) Азия даму банкi;
      4) Африка даму банкi;
      5) Еуропа қайта құру және даму банкi;
      6) Америкааралық даму банкi;
      7) Еуропа инвестициялық банкi;
      8) Ислам даму банкi;
      9) Скандинавия инвестициялық банкi;
      10) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;
      11) Халықаралық есеп айырысу банкi;
      12) Еуразиялық даму банкi.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады