Астана қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделуге бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 450/62-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 675 болып енгізілді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 397/52-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 27.06.2019 № 397/52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының шегінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге (бұдан әрі - ЖММК) бюджеттік қаражаттар есебінен Астана қаласының шегінен тыс тегін жол жүруін ұсынсын.

      2. Қазақстан Республикасы бойынша Астана қаласынан тыс ЖММК көрсетуге науқастардың және оларды алып жүруші тұлғалардың жол жүру құнын төлеу, егер науқас Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен берілетін жолдама бойынша ЖММК алған жағдайда, әуе, теміржол және халықаралық автомобиль көлігімен жол жүру (екі жаққа да) қаланың бюджеті қаражаттарынан, бірақ теміржол көлігінің жүрдек пойызының купе вагоны билетінің орташа құнынан аспайтын көлемде жүргізілсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

С. Хамхоев

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

В. Редкокашин

КЕЛІСІЛДІ:


"Астана қаласының


Экономика және бюджеттік


жоспарлау басқармасы"


ММ (ЭжБЖБ) бастығы


2011 жыл 12 маусым

Ж. Нүрпейісов

"Астана қаласы


Денсаулық сақтау басқармасы


ММ (ДС) бастығының


міндетін атқарушы


2011 жыл 12 маусым

А. Сегізбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады