Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № С-51/9 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 қарашада № 1-1-156 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсанында «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      1) Көкшетау қаласында тұрақты тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға), азаматтардың өтініші бойынша:
      - аз қамтамасыз етілген отбасыларға жылына бір рет балаларын сауықтыру үшін жолдама сатып алу;
      - Көкшетау қаласындағы медициналық мекемелермен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курстарында оқитын студенттерінің оқуы үшін төлемді ұсынылған шотқа сәйкес төленсін.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихаты
      51 сессияның төрайымы                      М.Жұрын

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

      «Көкшетау қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ.Ахметов

      «Көкшетау қаласының
      қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының орынбасары             Г.Құсайнова

      «Көкшетау қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Омарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады