Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/8 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 қаңтарда № 1-1-161 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік теркеу тізілімінде № 1-1-113 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      1. Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету:
      1) Көкшетау қаласында тұрақты тұратын жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға), азаматтардың өтініші бойынша:
      балаларды сауықтыру үшін жылына бір рет жолдама сатып алу;
      білім беру мекемесінің шарты негізінде күндізгі бөлімде оқитын колледж студенттерінің оқуы үшін төлеміне жылына бір рет оқу құнының мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
      2) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
      отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда біржолғы отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 1,2 және 3 топ мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне жылына бір рет сауықтыру үшін;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге әр ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш төлеуге;
      5) отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын осы операция құнының мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға жол ақы құжаттарының негізінде (ары-бері жүруіне) Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жол ақы төлеу;
      7) Көкшетау қаласындағы медициналық мекемелермен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курстарында оқитын студенттерінің оқуы үшін төлемді ұсынылған шотқа сәйкес төленсін;
      8)ұсынылған атқарылған жұмыс актісіне және төлем туралы шотқа сәйкес химиятерапиядан өткен туберкулез ауруын жұқтырған мектеп жасындағы балаларға мектеп асханаларына ақша қаражатын аудару арқылы ыстық тамақ ұйымдастыруға;
      9) мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімінің негізінде осы тармақшада көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
      9 Мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
      фашистік лагерьлерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға - 3000 теңге;
      блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
      марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
      соғыс жылдары алты және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
      балаларды қорғау күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 85,90 және одан да жоғары жасқа толған мерейтой иелеріне біржолғы - 5 000 теңге.
      10) көру бойынша 2 топ мүгедектеріне қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін жылына бір рет 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерінде төлем төлеу.
      2.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      53-ші сессияның төрағасы                   М.Жанұзақов

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады