Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С 33/2 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 ақпанда № 1-5-160 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 5С 15/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын: «6) басқа адамның күтіміне мұқтаж 1, 2 топ мүгедектеріне, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға, онкологиялық ауруларға әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет кірістерді есептеусіз 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына әлеуметтік көмек қолдау формасында оларды сауықтыру мақсатында ақшалай түрде жылына екі рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жол жүру ақысы жылына бір рет ақшалай түрде жол жүру билеттерін ұсынған кезде төленеді;»
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      КЕЛІСІЛДІ

      Атбасар ауданының әкімі                    Әубәкіров Р.Ш.

      «Атбасар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Дүйсенбаева С.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады