Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт лауазымы мамандарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы А-1/9 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 қаңтарда № 1-9-187 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы а-10/530 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.10.2014 а-10/530 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012.12.05 № А-12/625 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18238-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «2012 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін келісу туралы» Ерейментау аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-42/3-11 шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт лауазымы мамандарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012.12.05 № А-12/625 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Л.Дүйсенов

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ А-1/9 қаулысына қосымша 

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт лауазымы мамандарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012.12.05 № А-12/625 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) күту бойынша әлеуметтік жұмыскер;
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) клуб меңгерушісі;
      2) аккомпаниатор;
      3) үйірме басшысы;
      4) кітапханашы;
      5) әдіскер.
      3. Дене тәрбиесі және спорт мамандарының лауазымдары:
      1) әдіскер.
      4. Білім мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың басшысы
мен орынбасары;
      2) барлық мамандардың мұғалімдері;
      3) кітапханашы;
      4) үйретуші;
      5) мейірбике;
      6) тәрбиелеуші;
      7) тәрбиелеушінің көмекшісі;
      8) музыка жетекшісі;
      9) әдіскер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады