Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданының бюджеті қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № А-1/9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № А-12/625 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 желтоқсанда № 3556 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № а-3/121 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 30.03.2016 № а-3/121 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданының бюджеті қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № А-1/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-9-187 болып тіркелген, "Ереймен" және "Ерейментау" аудандық газеттерінде 2012 жылғы 18 ақпанда жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт лауазымы мамандарының тізбесін анықтау туралы";
      1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт лауазымы мамандарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.";
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт лауазымы мамандарының тізбесі"
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады