Еңбекшілдер ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 маусымдағы № А-5/154 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 маусымда № 1-10-141 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1106 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10–тармағына және «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 482 ұсынысына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      3. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің осы қаулысының күші 2011 жылғы 1 мамырдан бастап, қалыптасқан құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданы әкімінің м.а.              Б.Қалиев

Еңбекшілдер ауданы 
әкімдігінің 2011 жылғы
7 маусымдағы № А-5/154
қаулысына қосымша 

Еңбекшілдер ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың
тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және
субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын
егудің оңтайлы мерзімдері

№ п/п

Дақылдардың атауы

Өтінімді беру мерзімдері

Егу мерзімдері

1

Орташа–кеш жаздық бидай

3 мамырдан 15 маусымға дейін

12 мамырдан 29 мамырға дейін

2

Орташа пісетін жаздық бидай

3 мамырдан 15 маусымға дейін

14 мамырдан 5 маусымға дейін

3

Орташа-ерте жаздық бидай

3 мамырдан 15 маусымға дейін

18 мамырдан 7 маусымға дейін

4

Жаздық арпа мен сұлы

3 мамырдан 15 маусымға дейін

7 маусымға дейін

5

Бұршақ

3 мамырдан 15 маусымға дейін

18 мамырдан 2 маусымға дейін

6

Ноқат

3 мамырдан 15 маусымға дейін

7 мамырдан 16 мамырға дейін

7

Қарақұмық

3 мамырдан 15 маусымға дейін

25 мамырдан 4 маусымға дейін

8

Майлы тұқымға себілетін күнбағыс

3 мамырдан 15 маусымға дейін

7 мамырдан 20 мамырға дейін

9

Рапс

3 мамырдан 15 маусымға дейін

20 мамырдан 27 мамырға дейін

10

Майлы зығыр

3 мамырдан 15 маусымға дейін

15 мамырдан 25 мамырға дейін

11

Бір жылдық шөптер

3 мамырдан 15 маусымға дейін

10 маусымға дейін

12

Сүрлемге арналған жүгері

3 мамырдан 15 маусымға дейін

18 мамырдан 25 мамырға дейін

13

Картоп

3 мамырдан 15 маусымға дейін

10 мамырдан 28 мамырға дейін

14

Көкөністер

3 мамырдан 15 маусымға дейін

10 мамырдан 15 маусымға дейін

15

Көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің ерте көктемгі егісі

3 мамырдан 15 маусымға дейін

5 мамырға дейін

16

Көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің көктемгі егісі

3 мамырдан 15 маусымға дейін

1 мамырдан 15 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады