Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011.10.12 № 4С-36/3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жарқайың аудандық мәслихаттың «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-122 тіркелген, 2010 жылдың 5 ақпанында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
екінші тармақтың оныншы азат жолындағы «өтініш бойынша» сөздерінен кейін «жас мамандармен «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі арасында жасалынған Келісім- шарт негізінде» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Д.Шәкіров
Аудандық маслихат хатшысының м.а. С.Оспан-Ұлы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Ниязбаева
Жарқайың ауданының
«Экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ахметова