Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 4/39 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда № 1-15-172 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012.04.25 № 3/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-151 тіркелген, 2010 жылғы 31 тамызда аудандық «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Әлеуметтік көмек алу үшін тапсырылатын қажетті құжаттар: Міндетті құжаттар:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің жеке есеп – шоты;
      тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Қосымша құжаттар:
      Онкологиялық және туберкулез ауруларын емдеу және басқа қиын жағдайларда комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін:
      операция жасау фактісін растайтын ауру тарихынан үзінді;
      амбулаториялық емделуде екендігі туралы фтизиатрдан анықтама;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
      Отбасының бір мүшесі қаза болған жағдайда жерлеу рәсіміне берілетін бір жолдық әлеуметтік көмек, жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздар есебінде тұрған отбасылық анықтама негізінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек алу үшін:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
      Табыстары күн көріс деңгейінен төмен отбасыларына, мүгедектерге, дербес зейнеткерлерге, комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін:
      жеңілдік санатына кіретіндігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі және мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді;
      санаторлық- курорттық емделуге мұқтаж мүгедектер үшін санаторлық – курорттық карта;
      мұқтаж мүгедектер үшін емделуге бару үшін жол билеттері немесе жолақы құнын растайтын анықтама;
      ауруханада емделіп жатқандығы туралы анықтама;
      амбулаториялық емделуде екендігі туралы фтизиатрдан анықтама;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет;
      туу туралы куәлігінің көшірмесі.
      Ақмола облысының тубдиспансерлік ауруханаларында емделуге жол шығынын өтеу үшін жылына екі рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек алу үшін:
      мұқтаж мүгедектер үшін емделуге бару үшін жол билеттері немесе жолақы құнын растайтын анықтама;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелер де ұсынылады, содан сон құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады».
      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ш.Джузбаев

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ө.Балғабаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қорғалжын аудан әкімі                      Д.Хамитжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады