Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 25.12.2013 № А-13/407 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2 тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 25/4 «Мәслихаттың 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4/9 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-77 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 14 мамырында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесінде:
2 тармақта:
«мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның, орталықтың басшысы» деген жолдағы «орталықтың» деген сөз алып тасталсын;
«балетмейстер; дыбыс режиссері.»;деген жолдармен толықтырылсын;
3 тармақ:
«кітапхана меңгерушісі» деген жолмен толықтырылсын.
2. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков