«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2010 жылғы 19 қаңтарында № 6-7 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ Б. ОРДАБАЕВ
2011 жылғы 14 наурыздағы № 366
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің
МӨЛШЕРІ
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
№ р/с | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлерi |
---|---|---|---|
1. |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер |
теңге/1000 тек.м |
81,0 |
2. |
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде |
теңге/1000 тек.м |
232,0 |
3. |
Ауыл шаруашылығы |
теңге/1000 тек.м |
65,2 |
4. |
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары |
теңге/1000 тек.м |
63,0 |
5. |
Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар |
теңге/тонна |
164,3 |
6. |
Су энергетика |
теңге/1000 кВт.сағ |
- |
7. |
Су көлігі |
теңге/1000 тек.м |
7,8 |
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
№ р/с | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлерi |
---|---|---|---|
1. |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер |
теңге/1000 тек.м |
69,0 |
2. |
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде |
теңге/1000 тек.м |
196,0 |
3. |
Ауыл шаруашылығы |
теңге/1000 тек.м |
54,0 |
4. |
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары |
теңге/1000 тек.м |
54,0 |
5. |
Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар |
теңге/тонна |
140,0 |
6. |
Су энергетика |
теңге/1000 кВт.сағ |
- |
7. |
Су көлігі |
теңге/1000 тек.м |
- |
Ескертпе: Төлемақы мөлшерлерi сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.