Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған ауыл шаруашылығы дақылдардың тізімін және субсидиялаудың нормативтерін анықтау туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 166 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 маусымда № 3372 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 07-3/1839 хаты.

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.05.22 № 07-3/1839 Хаты.

      2011 жылғы көктемгі егіс және күзгі далалық жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарымен тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын, тыңайтқыштардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарды арзандатуға Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағының 5) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 6 және 66 тармақтарына және сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1 қосымшаға сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының 2011 жылға арналған тізбесі;

      2 қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативі;

      3 қосымшаға сәйкес өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған нормативі;

      4 қосымшаға сәйкес тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидия нормативі;

      5 қосымшаға сәйкес гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне) арналған субсидия нормативі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің


міндетін атқарушы

І.Өмірзақов

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі:


КЕЛІСІЛДІ

А. Мамытбеков


  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
13 мамырдағы № 166 қаулысына
1 қосымша

2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

№ р/н

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1

Жаздық бидай

2

Күздік бидай

3

Күздік қарабидай

4

Тары

5

Арпа

6

Сұлы

7

Дәнді бұршақты дақылдар

8

Майлы дақылдар

9

Картоп

10

Көкөніс және бақша өнімдері

11

Мал азықтық дақылдары (алдыңғы жылдардағы егілген көпжылдық шөптерден басқа)

12

Сүрлемдік жүгері

13

Жабық топырақтағы көкөністер

  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
13 мамырдағы № 166 қаулысына
2 қосымша

2011 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері

№ р/н

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1 гектарға арналған субсидиялар нормасы, теңге

1

Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (базалық бюджеттік субсидиялар нормасы)

420

2

Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар 

900

3

Майлы дақылдар

3 800

4

Картоп

12 000

5

Көкөніс және бақша өнімдері

12 000

6

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер мен бақша өнімдері

24 000

7

Мал азықтық дақылдары (алдыңғы жылдардағы егілген көпжылдық шөптерден басқа)

700

8

Сүрлемдік жүгері

700

9

Жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымына)

1 300 000

  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
13 мамырдағы № 166 қаулысына
3 қосымша

Өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидия нормативтері

№ р/н

Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері

Тыңайтқыштардың 1 тоннасының (литрінің, килограммының) құнының арзандату пайызы

Өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидия нормативтері, теңге

1

Аммофос (N-10%:P-46%)

50

40 750

2

Жай суперфосфат (P-19%)

50

21 250

3

Аммиак селитрасы (N-34,4%)

50

24 350

4

Фосфоритті ұн (Р2О5-17)

50

4 620

5

Байытылған аммофос (N-10:Р-44)

50

57 500

6

Байытылған карбамид (N-45)

50

45 000

7

Байытылған аммиак селитрасы (N-32)

50

40 000

8

Байытылған аммоний сульфаты (N-21)

50

30 000

9

Байытылған калий хлориді (K2O-58)

50

55 000

10

Биотыңайтқыш "БиоБарс" (N-10, Р-3,3, К-10)

50

250

11

Микортыңайтқыш МЭРС

50

11 000

  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
13 мамырдағы № 166 қаулысына
4 қосымша

Тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидия нормативтері

№ р/н

Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері

Тыңайтқыштардың 1 тоннасының (литрінің, килограммының) құнының арзандату пайызы

Тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидия нормативтері, теңге

1

Нитроаммофоска (N-15:P-15:К-15)

50

36 000

  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
13 мамырдағы № 166 қаулысына
5 қосымша

Гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне) арналған субсидия нормативтері

р/н

Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері

Тыңайтқыштардың 1 тоннасының (литрінің, килограммы-ның) құнының арзандату пайызы

Гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне) арналған субсидия нормативтері, теңге

1

Ураган форте, 500 в.р. (глифосат, 360)

50

670

2

Клиник, 36% в.р. (глифосат, 360)

50

455

3

Буран, 36% в.р. (глифосат, 360)

50

435

4

Вихрь, в.р.

50

345

5

Спрут, 36% в.р. (глифосат, 360)

50

450

6

Тайфун, 36% в.р. (глифосат, 360)

50

425

7

Барс супер, 10% к.э. (фенолксапроп-п-этил, 100+мефенпир-этил, 27)

50

1 500

8

Топик 080, к.э. (клодинафоп-пропаргил,80)

50

2 645

9

Гепард, к.э.

50

1 125

10

Авецид супер, 10% к.э.(фенолксапроп-п- этил)

50

1 350

11

Овсюген экстра, к.э. (фенолксапроп-п-этил, 140)

50

1 850

12

Диамин, 72% в.р. (диметиламинная соль 2,4-Д)

50

325

13

Дезормон эфир, 72% к.э. (2-этилгексиловый эфир 2,4-Д дихлорфеноксиуксусной кислоты)

50

478

14

Эфирам, к.э.

50

550

15

Фенизан, 480 в.р. (360 дикамбы+22,2 хлорсульфурона)

50

1 600

16

Диален-Супер, 480 в.р. (диматиламиновые соли 2,4Д)

50

730

17

Зингер, с.п. (600 метсульфурон-метила)

50

14 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады