Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "2011 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің № 1-2 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбындағы, шешімнің 1, 2 тармақтарындағы, сонымен қатар шешімнің Қосымшасының атауындағы "2011 жылға арналған" сөзі – алынып тасталсын.
2. Мәслихаттың осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Облыстық мәслихаттың сессия төрайымы |
Облыстықмәслихаттың хатшысы |
Л.ЖАЗЫҚОВА | Б.ОРДАБАЕВ |