Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013.01.24 № 114 Шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Көл авто» жабық базарларында тауарлар сататын тұлғалар үшін бір жолғы талондардың бағасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ бастығы Б.А.Танабергеновке жүктелсін.
3. Шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының Ақтөбе қалалық
сессия төрайымы мәслихатының хатшысы
М. Әбдірахманова С. Шынтасова
Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті отыз екінші сессиясының
2011 жылғы 22 шілдедегі № 366
шешіміне қосымша
«Көл авто» жабық базарларында тауарлар сататын тұлғалар үшін біржолғы талондар бағасы
р/с № | Базардың атауы және мекен жайы | Сауда түрі | Бір күнгі бәр жолғы талонның бағасы (теңге) |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
«Көл авто» жабық базары (Сәңкібай батыр даңғылы 171 Г) |
Сөрелерден тауарлар сату Витриналардан тауарлар сату |
260 210 |
2 |
«Көл авто» жабық базары (Сәңкібай батыр даңғылы 34 Ж) |
Сөрелерден тауарлар сату Витриналардан тауарлар сату |
230 200 |