Сұлукөл ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 3-2-113 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің 24.06.2016 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сұлукөл ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) Алтынсарин;
      2) Абай;
      3) Б.Момышұлы;
      4) Амангелді;
      5) Ә.Молдағұлова;
      6) Жүргенов;
      2. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің 24.06.2016 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сұлукөл ауылдық округінің әкімі: Ә.Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады