Құмтоғай ауылдық округі Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 шілдеде № 3-5-137 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "селоларының" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 27.03.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Құмтоғай ауылдық округі Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық ауылдарының тұрғындары жиналыстарының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 1, 2, 3 хаттамаларына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Құмтоғай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Құмтоғай ауылының көшелеріне:
      Өтеу Құдайбергенов көшесі;
      Қызтуған Шегебаев көшесі;
      Оразбай Жұмабаев көшесі;
      Алмат Рысбаев көшесі;
      Сағымбай Көшкінбаев көшесі;
      Жалпы Ордабаев көшесі;
      Ораз би Тәтеұлы көшесі;
      2) Қарасай ауылының көшелеріне:
      Дауренбек Сарин көшесі;
      Шәкір Қараұлы көшесі;
      Қуанышова Зұлхия Қасқырбайқызы көшесі;
      3) Қарақұдық ауылының көшелеріне:
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі;
      Назаралы әулие көшесі.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Ш.Әбдіғалиеваға міндеттелсін.
      4.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Е.ЖҮСІПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады