"Құмтоғай селолық округі Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық селоларының көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 14 шілдедегі № 7 Құмтоғай селолық округі әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 мамырда № 4320 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Құмтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құмтоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 7 "Құмтоғай селолық округі Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық селоларының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-137 тіркелген, 2011 жылғы 23 тамыздағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "селоларының" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Қ. ӘБЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады