Тәуіп ауылдық округінің Құйлыс, Қаракөл ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп селолық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 шілдеде № 3-5-136 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "селолары", "селоларының" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауылдары", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің 29.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Құйлыс, Қаракөл ауылдары тұрғындарының 2011 жылғы 15 маусымдағы жиналыстарының № 4, № 5 хаттамаларына сәйкес Тәуіп ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Тәуіп ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:

      1) Құйлыс ауылының көшелеріне:

      Нұртұяқ Жаманшин көшесі;

      Шаяхмет Асатов көшесі;

      Өтебай Қанахин көшесі;

      Әйтеке би көшесі;

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі;

      Ырғыз көшесі.

      2) Қаракөл ауылының көшелеріне:

      Бейбітшілік көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Қаражановаға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тәуіп ауылдық округінің әкімі К. ТІЛЕУЖАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады