Тәуіп селолық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 5 "Тәуіп селолық округінің Құйлыс, Қаракөл селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 наурызда № 4220 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Тәуіп ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тәуіп селолық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 5 "Тәуіп селолық округінің Құйлыс, Қаракөл селоларының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-136 тіркелген, 2011 жылғы 23 тамыздағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "селолары", "селоларының" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауылдары", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тәуіп ауылдық округінің әкімі К. ТІЛЕУЖАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады