Қобда ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылға әлеуметтік көмек беру туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 шілдедегі № 215 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 тамызда № 3-7-123 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы № 5-05/46 хаты.

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012.05.10 № 5-05/46 Хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағы және 7 бабының 3 тармағы 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШМ ЕТТІ:

      1. Қобда аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін бір жолғы өтемақы 6000 (алты мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Қобда аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 шілдедегі № 141 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, білім беру спорт және денсаулық салаларындағы мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылға әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-94 санымен тіркелген, 2010 жылғы 12 тамызында "Қобда" газетінің № 34 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Мәслихат сессиясының

Аудандық мәслихаттың


      төрайымы хатшысы

Д.Жиенбекова

Л.Исмағамбетова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады