Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 30.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Өтек ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 1 маусымдағы № 2 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Өтек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 30.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Өтек ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) Желтоқсан көшесі;
2) Есет батыр көшесі;
2. Өтек ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Ленина көшесі - Астана көшесі;
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | О.Байтулиев |