Өтек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 "Өтек ауылы көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 01 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4135 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциалық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциалық Заңына сәйкес, Өтек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өтек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 "Өтек ауылы көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-108 тіркелген, 2011 жылғы 25 тамызда "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын, шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өтек ауылдық округінің әкімі О.Байтулиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады