Ескерту. Деректемелеріне өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімінің 27.12.2017 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің мәтіні бойынша орыс тілінде "аула" сөзі "села" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімінің 27.12.2017 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Терісаққан ауылы – әкімшілік аумақтық бірлігі халқының конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімінің 27.12.2017 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Терісаққан ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Молодежный көшесі – Жастар көшесі;
2) Юбилейный көшесі – Ақтөбе көшесі;
3) Ленина көшесі – Желтоқсан көшесі;
4) Октябрь көшесі – Астана көшесі;
5) Абая көшесі – Абай Құнанбаев көшесі;
6) Набережная көшесі – Жағалау көшесі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі: | Н. Даржан |