Қобда ауданы Терісаққан ауылы әкімшілік – аумақтық бірлігінің әкімінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 3 "Терісаққан ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 21 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 5866 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизия және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданының Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданы Терісаққан ауылы әкімшілік – аумақтық бірлігінің әкімінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 3 "Терісаққан ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-7-126 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің деректемелеріндегі "Терісаққан ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігінің" сөздері "Терісаққан ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі шешімнің мәтіні бойынша "аула" сөзі "села" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Терісаққан ауылы – әкімшілік аумақтық бірлігі халқының конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Терісаққан ауылдық
округінің әкімі
А.Клютов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады