Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 қаулысы. Ақтөбе облысы Темір ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 мамырда № 3-10-147 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 14.04.2016 № 96 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 18.09.2012 № 240 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Қаулының кіріспесі жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 18.11.2013 № 369 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Темір ауданының жұмыс берушілері жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 18.09.2012 № 240 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Қ.Бакиев) өтініш жасаған қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жолдама бойынша жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      Ескерту. 2 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 18.09.2012 № 240 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы А. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады