Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 240 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қазанда № 3420 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 14.04.2016 № 96 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Темір аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-147 тіркелген, 2011 жылы 20 мамырда № 21 "Темір" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      1 тармақта "мөлшерінде" деген сөзінен кейін "қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай – ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      2 тармақта "өтініш жасаған" деген сөзінен кейін "қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай – ақ" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Қаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады