Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2011.12.13 N 462 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына, 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" N 301 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1520 қаулыларын іске асыру үшін, сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылатын "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізудің косымша шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тертюбаев О.Ш.):
1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жоғары оқу орындарының, коллеждердің және кәсіптік лицейлердің түлектері есебіндегілердің жастар практикасынан өтуін ұйымдастырсын.
3. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 09 ақпандағы 2-17-81 нөмірімен тіркелген, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы" N 1 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Жақанбаев
Сарқан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 5 наурыздағы
N 85 қаулысымен бекітілген
қосымша
Жастар практикасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" N 301 (бұдан әрі - Бағдарлама) және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1520 қаулыларына сәйкес, бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық іс-тәжірибе, білім, әдет-дағдыларын алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18-29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастармен (бұдан әрі - Түлектер) жұмыстарын ұйымдастыруды анықтайды.
2. Жастар практикасы Сарқан ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, өткізіледі.
3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру
4. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мекемелермен бірлесіп, Жастар практикасын екі бағытта ұйымдастырады:
1) "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдау" шеңберінде іске асыру шығындары Астана және Алматы қалаларының бюджеттік, облыстық бюджеттік нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бағдарламалар шеңберінде.
4.1. Жастар практикасын ұйымдастыру механизмі "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдау" шеңберінде іске асыру шығындары Астана және Алматы қалаларының бюджеттік, облыстық бюджеттік нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде
4.1.1. Түлектер заңда белгіленген тәртіппен Уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркеледі.
4.1.2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпорындарда уақытша жұмыс күші қажеттілігін айқындайды және оны Уәкілетті органға жібереді.
4.1.3. Уәкілетті орган жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ұсынған қажеттілікке сәйкес Түлектерді қажетті біліктілігіне қарай ұсынған жұмыс орындарына жібереді.
4.2. Жастар практикасын ұйымдастыру механизмі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бағдарламалар шеңберінде.
4.2.1. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты және Жастар практикасының қатысушыларын қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді.
4.2.2. Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастырудың және өткізудің тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады.
4.2.3. Жұмыс берушілер, өздерінде Жастар практикасын ұйымдастыру үшін сұраныстарын уәкілетті органға береді.
4.2.4. Уәкілетті орган Жұмыс берушінің ұсынған жұмыс орындарына Түлектерді біліктілігіне қарай жібереді.
5. Уәкілетті орган Түлектерге Жастар практикасын ұйымдастыруға келісім берген жұмыс берушілермен Жастар практикасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі негізінде Келісім жасайды. Келісімде жұмысқа қабылданатын түлектер саны және мамандықтар (кәсіптер) тізімі көрсетілуі тиіс.
6. Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санынан үлесі;
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша еш дағдысының болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
7. Ұйымдар туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау және талдау негізінде Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
1) үміткерлер жұмыссыз ретінде Уәкілетті органға тіркеуге тұруы керек;
2) үміткерлердің кәсіптік орта және жоғары білімі болуы керек;
3) үміткердің жасы 29 жастан аспауы және ол білімі туралы құжатты алғанына 12 айдан аспауы керек;
4) Уәкілетті органның мәліметі бойынша Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.
8. Түлектердің жастар практикасына қатысуы Жастар практикасы басталған сәттен бастап 12 айлық кезеңде бір рет рұқсат беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Түлектерді жастар практикасына алуға келісім берген Жұмыс беруші түлектерді қабылдайды және Жастар практикасына қатысушылардың мамандығына (кәсібіне) сәйкес кәсіби білім, әдет дағдыларын үйренуін қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады және еңбек заңдарына сәйкес Түлекпен алты айдан аспайтын мерзімге еңбек шартын бекітеді. Жұмыс беруші еңбек шартына еңбекке ақы төлеу бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді.
10. Уәкілетті орган Түлекті жолдамамен Жұмыс берушіге жібереді.
11. Түлектерді Жастар практикасына алу туралы шешімді Жұмыс беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың түбіршегін толтырып, Уәкілетті органның мекен-жайына жібереді.
12. Түлектерді Жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде, Жұмыс беруші түлекті алты айдан аспайтын мерзімге "Жастар практикасына" қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушыға білікті маман-тәлімгер бекітеді. Түлектер еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде барлық құқықтарға ие болады және еңбек заңнамаларына сәйкес міндеттеме алады.
13. Түлектерді Жастар практикасына қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде, Жұмыс беруші Уәкілетті органға практикаға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастар практикасына қатысушыны қабылдаған Жұмыс беруші әр айдың 25 жұлдызына Уәкілетті органға жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.
14. Жастар практикасына қатысушы Түлектер еңбек заңнамасын бұзған жағдайда, Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес шартты бұзуға құқығы бар.
15. Жұмыс берушінің ынтасы бойынша Түлектермен шарт бұзылған кезде, ол қабылдаған шешім туралы 3 күн ішінде Уәкілетті органға хабарлайды. Түлектер практиканы тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Бұл туралы Жұмыс берушіге және Уәкілетті органға 3 күннің ішінде хабарлайды.
16. Шарттың мерзімі өткеннен кейін Жұмыс беруші Уәкілетті органға Түлектерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың немесе практиканың аяқталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін, оның практикадан өтуі туралы сын-пікірімен (ұсыныс) қоса жолдайды.
17. Жұмыс берушінің шешімі бойынша Түлектер Жастар практикасының мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылады. Бұл жағдайда Жұмыс беруші Уәкілетті органға Жастар практикасына қатысушыны жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
18. Жастар практикасынан өткеннен кейін тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған Түлектер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұра беруіне болады.
19. Жастар практикасына қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру заңнамалары қолданылады.
20. Жастар практикасына қатысушы Түлектер Уәкілетті орган әрекеті үшін жергілікті атқарушы органдарға, Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және сотқа шағымдана алады.
3. Жастар практикасын қаржыландыру
21. Жастар практикасын қаржыландыру ағымдағы бюджеттік жылдың бекітілген шығыс сметасына байланысты бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.
22. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы Уәкілетті орган Жұмыс берушінің Түлекті жұмысқа қабылдаған бұйрығы негізінде және жұмыс жасаған күндеріне тапсырылған табел бойынша қаржыландыру жылының бекітілген шығындар сметасына сәйкес ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайтын көлемде төленеді. Айлық еңбекақының ішіне міндетті зейнетақы және жеке салығы кіреді.
23. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы Уәкілетті орган арқылы іске асырылады:
- Жастар практикасын ұйымдастыру үшін Жұмыс беруші есебінен ашылған жұмыс орындары арқылы "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдау" шеңберінде іске асыру шығындары Астана және Алматы қалаларының бюджеттік, облыстық бюджеттік нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде;
- Жастар практикасына қатысатын Түлектердің жеке есеп-шотына аудару арқылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бағдарламалар шеңберінде.