Елді мекендердің әкімшілік бағынысын және ауылдық округтердің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 391 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихаттың 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 41-9 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2012 жылғы 9 қаңтарда N 1802 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес және "Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 113 қаулысы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жамбыл ауданының әкімшілік шекарасынан жалпы көлемі 5609,1 гектар жер бөлігін Тараз қаласының әкімшілік шекарасына қоса отырып Тараз қаласының әкімшілік шекарасы өзгертілсін.
      2. Жамбыл ауданы Құмшағал ауылдық округіне қарасты Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма ауылдары және Қарой ауылдық округіне қарасты Жиделі ауылы Тараз қаласы әкімдігінің әкімшілік бағынысына берілсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл облысының Облыстық мәслихат
      әкімі сессиясының төрағасы
      Қ.БОЗЫМБАЕВ А.МАЙЛЫБАЕВ
      Облыстық мәслихат хатшысы
      Ә.ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады