IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLVII сессиясының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 482 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 сәуірде N 8-1-132 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLVIII сессиясының 2011 жылғы 11 мамырдағы N 496 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLVIII сессиясының 2011.05.11 N 496 шешімімен (ресми жарияланғаннан күнінен кейін 2011.07.01 бастап қолданылады).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХXVІII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 8-1-107 болып тіркелген, "Взгляд на события" газетінде 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 140 (604) жарияланған) ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы ХLІII сессиясының "ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХXVІII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" N 441 шешімімен өзгерту мен толықтыру енгізілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 8-1-123 болып тіркелген, "Взгляд на события" газетінде 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 147 (751) жарияланған) өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақтағы "2010 жылға және 2011 жылғы бірінші тоқсанына" сөздері "2010 жылға, 2011 жылғы бірінші және екінші тоқсандарына" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) 1 тармақтың 1) тармақшасындағы "2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі" сөздерінен кейін "және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін" сөздерімен толықтырылсын;
      3) 1 тармақтың 2) тармақшасындағы "құны 400 теңге тұратын" сөздері алып тасталсын;
      "2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі" сөздерінен кейін "және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін" сөздерімен толықтырылсын;
      4) 1 тармақтың 3) тармақшасындағы "құны 1000 теңге тұратын" сөздері алып тасталсын;
      "2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі" сөздерінен кейін "және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін" сөздерімен толықтырылсын;
      5) 2 тармақтағы "(1 маусымнан 31 тамызға дейін)" сөздерінен кейін "және 2011 жылға (1 маусымнан 30 маусымға)" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының кезекті
      XLVII сессиясының төрағасы                 Н. Рахымбергенов

      Қарағанды қалалық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы                          М. Камалиев

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Жекебаев
      04.04.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады