Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерiн құру туралы" N 3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қарашада N 8-9-118 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы N 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 24.02.2015 N 01 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, сайлау учаскелерін басқа жерге орналастырумен байланысты Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" N 3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-32 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 маусымдағы N 25 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған"), оған Абай ауданы әкімінің 2009 жылғы 26 ақпандағы "Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" N 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 1 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-55 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 15 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), Абай ауданы әкімінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамырдағы "Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" N 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 1 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-100 болып тіркелген, 2011 жылғы 28 қаңтардағы N 4 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған") өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 10) тармақшасында:
      үшінші абзацтағы "6а, 51, 53, 55" деген сандар алынып тасталсын;
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      2) 1-тармағы 13) тармақшасының сегізінші абзац ",Абай көшесі, 34 үй" сөздермен толықтырылсын;
      3) 1-тармағы 14-тармақшасының алтыншы абзацта "34" деген сандар алынып тасталсын;
      4) 1-тармағының 15) тармақшасында:
      екінші абзац ",43, 45, 47, 49, 51, 53, 55, 57, 59, 61, 63, 65, 67, 69, 71, 73, 75, 77, 79, 81, 83, 85, 87, 105, 111, 113, 115, 117, 119, 121, 123, 125, 127, 129, 131, 133, 135, 137, 139, 141, 143, 145, 147, 149, 151, 153, 155, 157, 159, 161, 163, 165, 167, 169, 171, 173, 175, 177, 179, 181, 183, 185, 187, 189, 50, 52, 54, 56, 58, 60" деген сандармен толықтырылсын;
      жетінші абзац ",34, 48, 49, 7а, 6а, 51, 53, 55" деген сандармен толықтырылсын;
      5) 1-тармағы 24)-тармақшасының он бесінші абзац "Попович көшесі" деген сөздерден кейін ",Гагарин көшесі, N 4 үй" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 1-тармағы 25)-тармақшасының алтыншы абзацта "4" деген сандар алынып тасталсын;
      7) 1-тармақта:
      35)-тармақшасы:
      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Қарнақ селосы өз шегінде;
      Жөн селосы өз шегінде;
      Тасзаимка селосы өз шегінде;";
      8) 1-тармағы 41)-тармақшасының бірінші абзацтағы "орта мектебінің ғимараты" деген сөздер "селолық клубының ғимараты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми басылымға шыққан күннен бастап оң күннен кейін күшіне енеді.

      Абай ауданының әкімі                       Е. Нашаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады