2011 жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 16/05 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 шілдеде N 8-11-117 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы N 15/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012.05.31 N 15/04 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі N 301 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, жұмыссыз азаматтарды - оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеге (бұдан әрі - уәкілетті орган) жоғарғы оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырсын (бұдан әрі- жастар тәжірибесі).
      2. Жастар тәжірибесі кәсіпорындарында, ұйымдар мен мекемелерде ұйымдастырылады және өткізіледі және уәкілетті органмен шартқа отыру негізінде жүзеге асырылады.
      3. Жастар тәжірибесі алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
      4. Жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерінен 022 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде "Жеке кәсіпкерлікті қолдау" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізілсін.
      5. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 13/01 "Бұқар жырау ауданының жұмыссыз жастары үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-11-96 болып тіркелген, аудандық "Сарыарқа" газетінде 2010 жылғы 26 маусымында N 25 (851) жарияланған).
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады