"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданының елді мекендерінде сауда қызметі субъектілерінің автодүкендерден және (немесе) шатырлардан жылжымалы сауданы жүзеге асыруы үшін арнайы бөлінген жерлер белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Мамалинов |
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 9 тамыздағы N 23/02 қаулысына қосымша |
Бұқар жырау ауданы елді мекендерінде автодүкендерден және (немесе) шатырлардан жылжымалы сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген жерлер
N р/с | Атауы | Орналасқан жері |
1. | Ботақара кенті | Бұқар жырау көшесі, 79 |
2. | Қушоқы кенті | Шағын аудан, 38 үй |
3. | Ғ. Мұстафин кенті | Мир көшесі, 17 |
4. | Самарканд ауылдық округі | Ленин көшесі, 34а |
5. | Ростовка селолық округі | Центральная көшесі, 1 |
6. | Гагарин селолық округі | Гагарин көшесі, 10 а |
7. | Центральный селолық округі | Ленин көшесі, 16 |
8. | Корнеевка селолық округі | Первомайская көшесі, 17 |
9. | Шешенқара селолық округі | Пискунов көшесі, 40 |
10. | Петровка селолық округі | Нүркен Абдиров көшесі, 1 |
11. | Доскей ауылдық округі | Доскей көшесі, 35 |
12. | Үштөбе селолық округі | Ленинградская көшесі, 28 |