Бұқар жырау ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 13/13 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 3792 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 24/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 20.04.2021 № 24/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар анықталсын.

      2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 23/02 "Автодүкендерден және (немесе) шатырлардан жылжымалы сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген жерлер белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-122 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 қыркүйектегі №38 (916) "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Бұқар жырау ауданы әкімінің
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 13/13 қаулысына қосымша

Бұқар жырау ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

1

Ботақара кенті

Гастроном дүкенінің артындағы Б. Момышұлы көшесінің бойындағы алаң

2

Ғ. Мұстафин кенті

Бейбітшілік көшесі 26, бойындағы алаң

3

Қушоқы кенті

Разрезовская көшесі 38, бойындағы алаң

4

Ақбел ауылы

Юбилейная көшесі 16, бойындағы алаң

5

Ақтөбе ауылы

Центральная көшесі 15, бойындағы алаң

6

Ынтымақ ауылы

Интумакская көшесі 76, бойындағы алаң

7

Ақөре ауылы

Целинная көшесі 13, бойындағы алаң

8

Баймырза ауылы

Клубная көшесі 2, мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

9

Ботақара ауылы

Кирова көшесі 13, бойындағы алаң

10

Белағаш ауылы

Школьная көшесі 8/2, бойындағы алаң

11

Қызылқайың ауылы

Центральная көшесі 1, бойындағы алаң

12

Бұқар жырау ауылы

Школьная көшесі 33, бойындағы алаң

13

Гагарина ауылы

Гагарина көшесі 9А, бойындағы алаң

14

Доскей ауылы

Доскей көшесі 35/1 бойындағы "Ақ құдық" кафесінің жанындағы алаң

15

Дубовка ауылы

Юбилейная көшесі 44, бойындағы алаң

16

Керней ауылы

Первомайская көшесі 17, бойындағы алаң

17

Көкпекті ауылы

Садовая көшесінде орналасқан Қазпочта ғимаратының жанындағы алаң

18

Қаражар ауылы

Зеленая көшесі 40, бойындағы алаң

19

Қарақұдық ауылы

Центральная көшесі 20, бойындағы ауылдық клубтың ғимаратының алдындағы алаң

20

Жаңаталап ауылы

Амангелді көшесі 13, бойындағы "Кенже" дүкенінің алдындағы алаң

21

Новоузенка ауылы

Володарский көшесі 33, бойындағы алаң

22

Петровка ауылы

Нұркен Абдиров көшесінде орналасқан Қазпочта ғимаратының жанындағы алаң

23

Ростовка ауылы

Центральная көшесі 38, бойындағы алаң

24

Самарқанд ауылы

Ленин көшесінде орналасқан аялдаманың жанындағы алаң

25

Суықсу ауылы

Октябрьский көшесі 9, бойындағы алаң

26

Тоғызқұдық ауылы

Ленин көшесі 7, бойындағы "Азық-түлік" дүкенінің жанындағы алаң

27

Тұзды ауылы

Мичурин көшесінің бойындағы алаң

28

Үміткер ауылы

Мостовая көшесі 20, бойындағы алаң

29

Үштөбе ауылы

Ленинград көшесінің бойындағы 28-30 үйлердің арасындағы алаң

30

Центральное ауылы

Ленин көшесінің бойындағы "Ербол" дүкенінің жанындағы алаң

31

Шешенқара ауылы

Пискунов көшесі 38-40 бойындағы "Азық түлік" және "Асель" дүкендерінің жанындағы алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады